Қазақстандағы перинатологиялық орталықтардың жабдықталуы 60 – 90% – ға жетті.

0 95

Перзентханалар мен балалар стационарлары үшін қажетті медициналық құрал-жабдықты сатып алуын кезең-кезеңмен қаржыландырылуының арқасында перинатологиялық орталықтардың жабдықталуы жақсы нәтижеге қол жеткізген. Бұл туралы Үкіметтің отырысында «Ана мен бала денсаулығын сақтауға арналған іс-шараларды іске асыру туралы» жайлы баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етіп отыр. «Алдағы уақыта да, мемлекеттің тікелей қаражат-қамқорымен перзентханалар мен балалар стационарлары шала туған және ауру балаларды емдеу, күту үшін толық көлемде заманауи қымбат дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті. Министрлік деңгейінде жүкті және босанған әйелдердің қауіпті жағдайларының күнделікті мониторингісі жүргізіліп келеді екен. Кейінгі 3 жылда акушерияда қауіпті жағдайлардың 25%-ға төмендегені байқалыпты. Ана өлім-жітімі көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 56% төмендеді. Осы мерзім ішінде нәрестелер өлім-жітімі 31% азайған.

ЮНИСЕФ-тің ҚР өкілінің  орынбасары Радослав ЖЕХАКтың мәліметіне сай: «Халықаралық ұйым өкілдері Қазақстанның бала өлімін азайту бойынша БҰҰ Мыңжылдық Даму Мақсаттарына қол жеткізгенін көріп отыр. Қазақстан денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша әлем елдеріне үлгі болатын деңгейге жеткенін ерекше атап өтуге болады». Расымен, елімізде биылғы жарты жылдық қорытындысында ана өлім-жітім 2,6 есе, нәрестелер өлім-жітімі 1,6 есеге төмендеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 18 =