ҚАЗАҚСТАН – ШИРЕК ФИНАЛДА!

0 64

Қазақстан мен Австрия спортшылары әлемдік додалардағы жекелей сындарда кездесіп жүргенімен, халықаралық командалық жарыста алғаш рет бетпе-бет келіп отыр. Ұлттық құрама капитаны ойын басталмас бұрын тілшілерге: «Австрия құрамасының ойыншылары жекелей сында да, жұптық сында да рейтингтері жоғары тұрады. Сондықтан, біздің ойыншыларға оңай соқпайды деп ойлаймын» деп ішкі қорқынышын білдіріп қалған. Соған қарамастан кездесу біз үшін сәтті аяқталды.

Жарыстың бірінші күні кортқа қазақстандық спортшы Андрей Голубев пен австриялық теннисші Андреас Хайдер Маурер шықты. Тартысты өткен кездесуде Голубев 7:6, 6:3, 7:6 есебімен қарсыласынан басым түсіп, ұлттық құрамаға бірінші ұпайды сыйлады. Екінші ойыншы Евгений Королев те жекелей кездесуде өз қарсыласын ұтып, есеп 2:0 болған. Осыдан кейін болған жұптық кездесуде жеңіліс тапқантеннисшілеріміздің есесін жексенбі күнгі ойында Андрей Голубев қайтарды. Әлемнің 30-ракеткасы Юрген Мельцерді 4:6; 6:3; 6:4; 6:2 көрсеткішімен тізе бүктіріп, командаға жеңіс әкелді. Австрия құрамасы соңғы бесінші кездесуден бас тартты. Қазақстан құрамасы енді ширек финалда Чехиямен кездеседі.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + twenty =