Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырымда өткен референдумға байланысты мәлімдеме жасады. «Қазақстан Қырымда өткен референдумды осы Автономиялық Республика халқының еркін ерік-жігерін білдіруі ретінде қабылдады және қалыптасып отырған жағдайдағы Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды. Қазақстан өзінің БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық құқықтың іргелі принциптерін жақтайтынын атап көрсетеді. «Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт түрде шығуын және оны БҰҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар қамқоршылығымен келіссөздер үдерісі жолымен еңсеруін қалаймыз» делінген мәлімдеме мәтінінде.

0 107

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =