Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мәселелері жөніндегі үндеуі

0 103

ҚЫМБАТТЫ ОТАНДАСТАР!

Республика Конституциясына сәйкес менің қарауыма Үкімет пен Ұлттық Банк бастамашы болған зейнетақы жүйесі туралы жаңа заңнама келіп түсті.

Мен Заңнаманы жақтаушылар­дың да, оған қарсылық біл­ді­ру­шілердің де дәлел-дәйек­тері­мен жақсы таныспын.

Ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасын теңестіру туралы мә­селе қазіргі ең өзекті тақы­рып­­қа айналды.

Мұның себебін мен Үкімет пен Ұлттық Банк іс-әрекетінің олқылығынан да көремін.

Жалпы, мен Үкімет пен Ұлттық банктің жаңа зейнетақы заңна­ма­сын халыққа түсіндіру жө­нін­дегі жұмысына оң баға бере алмаймын.

Біріншіден, осындай өте ма­ңызды әлеуметтік заң жобасы немқұрайлы қаралды.

Екіншіден, оны халыққа кеңінен насихаттау ісі дұрыс жүргізілген жоқ.

Нәтижесінде, қазақстандық­тардың көбі зейнетақы рефор­масының түпкі мәнін түсінбей қалды.

Бүгінде зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізу керек екені анық!

Бұл – жаһандық үрдіс.

Еуропа Одағы мен әлемнің өз­­­ге де ел­­дері дағдарыс пен құл­­ды­­рау жағ­­­дайын­­да осылай жа­сау­ға мәж­бүр болды.

Әйелдердің зейнет жасын арт­тырудың басты себебі зейнетақы төлеудегі қаражаттың болжам­ды дефициті және зейнеткерлер­дің 70%-ін әйелдер құрай­тыны болды.

Әйелдердің зейнет жасын арт­­тыр­­маса, зей­нетақы төлеуге жұм­­­­са­­ла­тын бюд­жет шығыс­тары 2014-2024 жылдары 3 трил­лион тең­­ге­ге өсе­ді.

Бұл мемлекетті зейнетақы тө­леуге қауқарсыз етіп, болашақ зейнеткерлер үшін проблемаға айналады.

Сондықтан біз бұл мәселені қазірден бастап шешуге тиіспіз.

Қазақстан Үкіметі әйелдер үшін зейнет жасын өсіруді жоғары шекке дейін біртіндеп көшіру арқылы жүзеге асыруды алдын ала ұсынды.

Парламент Мәжілісі мен Сенаты бұл шешімнің халық үшін маңызын түсініп, зейнет­ақы жүйесі туралы жаңа заңна­маның дұрыс шешім болып табылатын нұсқасын қабылдады.

Азаматтардың әлеуметік жағ­дайын жақсарту үшін қажет бол­ғандықтан заң жобасын мен жалпы қолдаймын.

Бірақ, зейнетақы жүйесін реформалау аспектілерінің бәрі жете ойластырылған дей а­л­маймын.

Конституция берген өкілеттік­теріме сәйкес, әйелдердің зейнет жасын өсіру туралы норма­ны қайта талқылау үшін Пар­ла­ментке қайтарамын.

Мен зейнет жасын кезең-ке­зеңмен ұзартуды 2014 жыл­ғы 1 қаңтардан емес, 2018 жыл­ғы 1 қаң­тардан бастауды ұсы­на­мын.

Осыған байланысты Үкіметке халыққа қажет заң мәселелерін одан әрі пысықтап, дамытуды тапсырамын.

Бірінші. Бала күтімі демалы­сы кезінде жұмыс істеуші әйел­дердің міндетті зейнеткер­лік салымына мемлекет есебі­нен қосымша төлемақы қамта­ма­сыз етілсін.

Екінші. Азаматтардың міндетті 10 процент зейнетақы шығысы­на жұмыс берушінің міндетті шыға­рылымы есебінен қосым­ша 5 процент енгізілсін.

Үшінші. Міндетті кәсіби зейнет­ақы салымын кезең-кезеңмен та­ғы да 5 процентке көбейту керек.

Бұл жайт айрықша және зиянды өндірістерде зейнеткерлікпен қамтамасыз етуді жақсартады.

Сондай-ақ Үкіметке 2030 жыл­ға дейін зейнеткерлікпен қам­та­масыз ету жүйесін жаңғыртуды одан әрі жалғастыру жөнінде кешенді іс-шаралар әзірлеуді тапсырамын.

Парламентті менің ұстанымым­ды ескеруге шақырамын.

Зейнетақы реформасының күр­делі мәселесі бойынша дұрыс шешімдер табылады деп мен кәміл сенемін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − nineteen =