Қазақстан Президенті Жеңіс шеруіне қатысты

0 26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қы­зыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен Мемлекет басшы­лары және Үкімет жетекшілері деңгейінде өткен салтанатты шараға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Молдова Президенті Игорь Додон, Сербия Президенті Александр Вучич, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және бірқатар ха­лық­аралық ұйымдардың бас­шылары қатысты.
Салтанатты шеруде 13 мыңнан астам әскери қызметші, 216 әскери техника және әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты сап түзеді.
Қызыл алаңнан 53 жаяу әскер колоннасы, ТМД елдері және басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерінен құралған 13 топ салтанатты түрде сап құрап өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының атынан де­сант­тық шабуылдаушы әскери бөлімінің 55 сарбазы қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 8 =