ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

0 255

Қайрат Лама Шариф ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы

Қазақ жерінде ғасырлар бойы сан түрлі дін­ді ұстанған әралуан халықтар өзара келісім мен татулықта өмір сүріп келеді. Сондықтан да­ қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем үшін ді­на­­ра­­­­лық және ұлтаралық келісім салтанат құрған та­­­­ту ел­­дің жарқын үлгісіне айналып отыр. Ел­­ба­сы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегия­­сы: қа­­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Аза­­мат­­тық­ татулық пен ұлтаралық келісім – біз­­дің басты құн­­дылығымыз. Көпұлтты еліміздегі та­­тулық пен ке­­лісім, мәдениеттер мен діндердің үн­­десуі әлемдік эталон ретінде танылған» деп атап көрсетті.

Біздің елде мұсылмандармен қатар право­­слав­­тық,­ католиктік, протестанттық, иудаизм, буд­­дизм және басқа да конфессиялардың өкілдері бе­­реке-бірлікте өмір сүруде. Тек соңғы үш жылдың ішінде ғана бас қаламызда Орталық Азиядағы аса ірі­ ғибадат ғимараттары – Әзірет Сұлтан мешіті мен­­ Құдай Ана Успения храмы, ал Қарағанды қа­­­­ласында католиктік «Пресвятая Дева Мария Фа­­­­тимская» кафедралды соборы бой көтерді.

Қазақ халқының басқа діндерге деген құрметі, то­­леранттылығы мен өзара түсіністігі маңызды бі­­рік­­­­тіруші факторға және мемлекеттілікті тұрақты да­­­­мытудың, елдегі қоғамдық тұрақтылықты қам­­та­­ма­­сыз етудің басты шартына айналды.

Сұхбат, өзара түсіністік пен құрмет – барлық мә­­дени-діни қауымдар мен ұлыстардың қауіпсіздігі мен­­ ынтымақ-келісімдерін, әл-ауқаты мен бей­­біт­ қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін жер ша­­рын­­да­­ғы ең әлеуеті мол күш. Біз өзіміздің сыртқы сая­­си қызметімізде де төзімділік, келісім және ын­­ты­­мақ­­тас­­тық қағидаттарын ұстанамыз.

Барлық азаматтардың ұлттық ұстанымына және діни сеніміне қарамастан, тең құқықты және еркін дамуы қағидаттарына негізделген саясатты іске асырудың басты құралдарының бірі – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған қоғамдық институт – Қазақстан халқы ассамблеясы болып табылады. Ассамблея этносаралық қана емес, конфессияаралық қатынастардың да бірегей сұхбат алаңына айналып отыр.

Бүгінде Қазақстан әлем мойындаған мәдениет­ара­­лық және конфессияаралық сұхбат орталығына ай­­налды. Біздің жас та әсем елордамыз – Астана қаласы осыған дейін төрт рет өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қонақтарын зор ілтипатпен қабылдады.
Қазақстан Шығыс пен Батыстың, ислам мен­­ христиан діндерінің арасындағы алтын кө­­пір іспеттес. Діни көшбасшылардың форум­­да­­рын, Қазақстанның ЕҚЫҰ мен ИЫҰ-ға­­ тө­­ра­­ғалығы шеңберіндегі іс-шараларды, то­­ле­­рант­­­тылық тақырыбындағы конференцияларды өткізу – Қазақстандағы этносаралық және кон­­фес­­сия­­аралық келісім үлгісінің жаһандық деңгейде сұ­­ранысқа ие екендігіне дәлел болып табылады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев­­тың бастамасымен осыдан 10 жыл бұрын құрылған Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің съезі қазіргі заманғы дін­­дер ара­­сындағы жаһандық үндесудің ықпалды әрі та­­биғи бөлігіне айналды. Съезд дін көш­­бас­­шы­­ла­­ры­­ның, діндер мен халықтардың арасындағы өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік беріп, маңызды рөл атқарып отыр.

Барлық діндер жоғары гуманистік және адам­гер­­шілік құндылықтарды насихаттайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу дін­­дер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық сұх­­бат­­ты ілгерілетіп дамытуға, діни қауымдар ара­­сын­­дағы өзара түсіністікті және құрметті ны­­ғайтуға, толеранттылық пен өзара сыйластық мә­­дениетін дамытуға, діндер, мәдениеттер мен өр­­кениеттер арасындағы үндесуді арттыруды мақ­сат еткен барлық халықаралық ұйымдар мен құ­­рылымдармен бірлесе жұмыс жүргізуге мүм­­кін­­дік туғызады.

Қазіргі қоғамдағы жағдай тұрғындардың жат әрі жалған діни идеологиялық «екпелерге» қарсы тұ­­рақты иммунитетін күшейтетін дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыруды талап етіп отыр. Қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың конституциялық басымдылығын сақтау, кон­­фес­­сияаралық және этносаралық келісімді ны­­ғай­ту, азаматтардың діни сенім бостандығына құ­­қығын іске асыру, дінде экстремизм жоқ деп тану – радикалдық және экстремистік ағымдар иде­­ологиясына қарсы іс-әрекет етудің қағидаттары бо­­лып табылады.
Біздің еліміз 20 жылдан астам уақытта көптеген сынақтар мен қауіп-қатерлерге, қиыншылықтарға тап болды, алайда өзінің қазақстандық бірегей жолын ұстана отырып, оларды жеңе білді. Біздіңше, барша қоғам мүшелері, діни бірлестіктердің, этностық қауымдардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына, халқымыздың рухани мұрасы мен ұлт­тық мәдениетін насихаттауға, ра­ди­­кал­­дық діни ағым­­­­дар­­­­­дың орын­сыз ша­­­буыл­­­­да­­ры­­нан­­­­­ діни не­­гіз­­дер­­ді қор­­­­­­ғауға бұдан да бел­­­­­­­­сендірек қа­­ты­­су­­­­лары ке­­рек.

Қоғамның ру­­ха­­ни­ өмі­­рін арт­­ты­­ру­­­­дағы ма­­­­­­­­­­­ңыз­ды­ мін­­дет – ис­­лам­­­­­­­­да­­­­ғы­­ із­гі­лік­ке,­ адам­­­­­­гер­­­­­­шілікке бау­­­литын, адал­­дық­­­­ пен­­ әділдікті на­­­­­­­­­­си­­­­хат­­тайтын, өз еліне де­­ген сү­­йіс­­­пеншілікке, ха­­­­­­лықтың дәс­­түр­­лері мен әдет-ғұ­­рып­­та­­рын­ құр­­мет­­теуге тәр­­бие­­лей­­тін шынайы құн­­дылықтарды тү­­сіндіру болып та­­бы­­лады.

2011 жылдың 11 қа­­за­­нын­­да Елбасы Қазақстан Рес­­­­­­пуб­­­­ликасының «Ді­­­­ни қызмет және діни бір­­­­­­лестіктер ту­­ра­­лы» За­­­­­­ңына қол қойды. Заң­­ның бас­ты ере­­желерін іс­­ке асыру дін саласын құ­­қықтық рет­­теу­­ді жөнге кел­­тіруге мүм­­­­кіндік берді.

Өз дәстүрлері мен­­ құн­­ды­­лықтары бар­­ эт­­нос­­тық­­ және кон­­фес­­сиялық топ­­тардың әралуандығы, Қа­­зақстанның геосаяси тұрғысынан қолайлы жерде орналасуы қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен жан саулығына төнетін қатерлерге қарсы әрекет етудің тетіктерін жасап шығаруды және нығайтуды талап етті. Сондықтан жаңа заңның діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы ережесі осы саланы дұрыс реттеудің қажетті тетігі болып табылады. Жалпы, діни бірлестіктерді қайта тіркеу шаралары ел-жұрттың және негізгі діни бірлестіктердің оң бағасын алды, сондай-ақ еліміздегі конфессиялық кеңістікті жүйелеу мен қолайлы түрде құрылымдаудың маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеп берді.

Дін әлімсақтан бері халықтың рухани мұрасын, моральдық құндылықтарын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтаушы миссиясын атқарып келеді. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында: «Қазақстан Республикасы халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін таниды, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейді» деп көрсетілуі кездейсоқтық емес.

Қазақстан аумағында ислам мен православиенің тарихи рөлінің танылуы осы діндердің елдегі дінге сенушілердің 95%-ын қамтитындығымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, заңнамада Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың ар-ождан бостандығын құптайтыны, өзге діндерді құрметтеп, конфессияаралық келісімнің маңыздылығын мойындайтыны да жазылған.

Мемлекеттің дінге қатысты саясаты конститу­ция­­лық ар-ождан бостандығы ұстанымы мен бар­­лық діндердің заң алдында теңдігін ұлттық қа­­уіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ете отырып, үйлесімді түрде іске асырумен, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын, дәстүрлі ру­­ха­­ни құндылықтарын дамытып, сақтауға баса мән бе­­румен айқындалуы тиіс.

Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасында этникалық немесе өзге де тегіне, діні мен әлеуметтік деңгейіне қарамастан, азаматтардың барлығына тең мүмкіндіктердің берілетіні жазылған және бұл ұлтаралық ынтымағымызды негіздейтін бас­ты қағидаттардың бірі болып табылады. Мем­­лекетіміздің азаматтары қай этникалық немесе діни қауымдастықтың өкілі болып саналса да, бірегей азаматтық қоғам құра отырып, ортақ құқықтар мен бостандықтарды толығымен пайдаланады.

Мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қа­­рым-қатынасын айқындайтын ұстанымдар діни сенім бостандығы деңгейін танытатын айқын индикатор іспеттес. Біздің бұл саладағы басымдықтарымыз анықталған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «Қазақстанда қоғам діннен бөлінбеген, сондықтан да мемлекет осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуден тыс қала алмайды. Оның өзінде діни сенімдердің адамгершіліктік бастауларға негізделетінін және үлкен гуманистік әлеуетке ие екендігін ескерген жөн, оларды қоғамның рухани құндылықтарын дамытып, қазақстандық патриотизмді нығайтуға, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты тұғырландыру мен діни экстремизмнің алдын алуға пайдалану керек».

Қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау, діннің теріс пиғылды және экстремистік мақсаттарға пайдаланылуына жол бермеу – міне, мемлекеттің дін саласындағы саясатының басты бағыттары осындай.
Заманауи әлем дүниетанымдық және құн­­ды­­лық­­тық дағдарысты бастан кешуде. Өркениеттер текетіресін айғақтаған, тарихтың ақыры таянғанын бол­­жамдаған жанайқайлар жиілеп қана қоймай, қаттырақ шыға бастады.

Бүкіл жер-жаһанда ұлтаралық және дінаралық қақ­­тығыстардың көбейгені бүгінгі күннің шындығына айналып отыр. Дүрдараздықтар, діни төзімсіздіктің артуы, ксенофобия мен радикализм қоғамды бөлшектеуде, сондай-ақ жаһандық қана емес, жекелеген мемлекеттердің шеңберіндегі текетірестер туралы сөз қозғауға себеп болуда.

Белсенді миграциялық үдерістердің нәтижесінде көптеген елдер қоғамнан оқшауланған, томаға-тұйық этно-конфессиялық анклавтардың пайда болуы секілді құбылыстармен бетпе-бет келді.

Бізге тұрақты қоғам құрудағы төл жетіс­­тік­­те­­рімізді сақтап қалу өте маңызды. Елімізде әр­­ал­­уан­­ этномәдени және діни дәстүрлердің бірге жа­­сасып келе жатқаны айдан анық. Біздіңше, бұл көпэтникалық және көпконфессиялық жасам­­паз­­дық пен ілгерішілдіктің басты факторына ай­­налуы тиіс. Біз рухани тәжірибедегі, тарих пен мә­­дениеттегі табиғи алуан түрлілікті баршаға ортақ игілік пен ілгерішілдік жолында пайдалануымыз керек.

Біз өзіміздің сұхбат пен мәмілегерлік ұс­­та­­ным­­дарына адалдығымызды растаймыз. Өзара түсіністік пен татулық жолымен ғана жетістікке жетуге болады, осы жол арқылы ғана қазақстандық қоғамның сан айшықты келбетін құрайтын бар­­лық діндер мен мәдениеттердің бірегей ерек­­шеліктерін сақтай отырып, қоғамдағы тұрақ­­тылықты нығайтып, жасампаздық рухын асқақтата аламыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 3 =