«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қазақстан кубогы кімге бұйырады?

0 9

Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің екінші туры аяқталды.

56fdfb681453c (1)

 Екінші турда Шымкентте жергілікті «Ордабасы» Павлодар облысының «Ақсуын» 2:0, Түркістанда «Тұран» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0 есебімен жеңді. Оралда жергілікті «Ақжайық» ақтау­лық «Каспий» командасын 3:1 есебімен ұтты.

Ал 15 және 16 шілде күндері өткен бес ойында мынандай нәтижелер тіркелді: «Атырау» – «Қайрат» 3:2, «Қайсар» – «Қызылжар» 2:1, «Тобыл» – «Ақтөбе» 2:1, «Тараз» – «Мақтаарал» 4:2.

Бұл турдағы ең ірі есеп Нұр-Сұлтанда тіркелді. «Астана» қарағандылық «Шахтер» командасын 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан кубогының үшінші тур ойындары 22, 23, 24 шілде күндері өтеді

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды