ҚАЗАҚСТАН «ЭКСПО-2020» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

0 114

ЕЛІМІЗ 2020 ЖЫЛЫ ДУБАЙДА ӨТЕТІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК «ЭКСПО-2020» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУЫН РЕСМИ ТҮРДЕ РАСТАДЫ.

3

Бұл жаңалық Дубайдағы Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шарифтің «ЭКСПО-2020 Дубай» Жоғарғы комитетінің төрағасы шейх Ахмед бен Саид Әл Мак- туммен кездесуі кезінде мәлім болды. Жиында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин «ЭКСПО 2020 Дубай» көрмесіндегі қазақстандық секцияның Бас комиссары болып тағайындалғаны анықталды. Қ.Лама Шариф Әмірліктердің Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге қатысты қолдауын қазақстандық тарап жоғары бағалайтынын атап өтіп, осы ретте әмірліктер тарапына ең үлкен павильондардың бірі бөлінгенін айтты.

Шейх Ахмед Қазақстанның Ду- байдағы «ЭКСПО-2020» көрмесі- не ресми қатысуын құптап, осы шешім халықтар арасындағы ба- уырластық қатынастарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге септігін тигізетінін мәлімдеді. Әмірліктердегі көрменің «Ақылдарды біріктіру арқылы болашақты құрамыз» («Connecting Minds, Creating the Future») тақы- рыбы оның мәнін ашатын негізгі үш аспектімен топтастырылған: «Мүмкіндік», «Мобильдік» пен «Орнықтылық». Шейх Ахмедтің пікірінше, қазақстандық тараптың аталған бағыттардың бірін таңдауы Қазақстандағы бәсекеге қабілеттілік пен адамдардың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал ететін адам капиталын дамыту, қоғамның әл-ауқатын көтеру, инновация мен технологиялық әлеуетін өркендету салаларын- дағы жетістіктерін әлемге танытуға мүмкіндік береді.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =