ҚАЗАҚШАНЫҢ ҚАДІРІН ҚАШЫРҒАН ҚАТЕЛЕР

0 260

Айнадай жарқыраған Астананың кіршіксіз болуы қашанда назарда. Алайда көз сүйсінетін көрікті орындардағы көз сүрінетін қателер – тазалыққа сын. Сондықтан қаланың қоқсымауына ғана мән беріп қоймай, қатесіз болуын да қаперде ұстаған жөн. Жақында редакциямызға саябақтағы сауатсыз мәтінге қынжылған оқырманнан хат келіп түсті.

Қоғам қайраткері Кенжеболат Жолдыбай бізге жолдаған хатында өзі күнделікті таңертең жүгіретін саябақтағы ретсіздікке ренішін байқатқан. Бәрінен бұрын қате мәтіндерге баса мән берген.

«Жасыл желекке бөленген, жаныңа жайлы орталық саябақта адамдар үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда әркім өз қалауына қарай сүйікті нәрселерімен айналысуға толық мүмкіндік бар. Дегенмен тазалыққа жіті қарап, жан-жақты бүтіндеп жүретін саябақ қызметкерлері назарларынан тыс қалып жатқан дүниелер де жоқ емес. Мәселен, жаяу адамдардың жүретін жолының бойында ілінген көрнекі құралдардың жалбырап, құлауға шақ тұрғандары, жаттығу құрылғыларының істен шығып жатуы, әсіресе, жол көрсетуші тақтасындағы өрескел қателер түзетілмей келе жатқаны көңілге қаяу түсірері сөзсіз. Біздің тілек – осынау келеңсіздіктер тезірек дұрысталса екен» дейді ол.

Осы хатта дерек ретінде көрсетілген суреттермен қоса, мақаламызға фототілшіміздің объективіне ілінген суреттерді де арқау етіп отырмыз. Мұның бәрі бір көшенің бойында көрініс тапқан. Яғни, адым аттап басқан сайын қатеге тап боламыз деген сөз.

erm_0886

Көшедегі атаулардың көбі қазақ тіліне ғана тән төл дыбыстардың таңбалануынан ақсап жатады. Қайда барсаң, құйрығы қырқылған «қ» әрпі кез келеді. «К» әрпінің көлеңкесінде «қ» тұрғанын сөздің мағынасынан бірден байқалады. Осындай бақытсыз бір «қ» бірінші суретте бейнеленген.

erm_0883

Осы жерден алысқа ұзамай, тағы бір төл дыбысымыздың дұрыс жазылмағаны көзге түсті. Атауының өзі қазақылықтан алшақтап тұрғанын аңғартатын дүкенде «ү» дыбысы «у» дыбысының кейпіне еніпті.

erm_0885

Бұлар Жирентаев көшесінде кездескен бейбақ әріптеріміз. Көшенің соңында орналасқан баннерде «бақырайып» тұрған «ң», «ғ» әріптері көрінді. Олар «н» және «г» әріптерімен жазылыпты. Сауатсыздыққа төзбеген әлдекім жалаңашты киіндіріп кеткендей, «г» әрпінің беліне таяқшасын скотчпен жабыстырып кетіпті.

erm_0891

Төртінші суретте калька аударманың құрбаны болған жазба түсірілген. Аталмыш ломбардтың мемлекеттік тілдегі мәтінінде мән жоқ. Мұндағы «биік» және «аласа» сөздерінің дұрыс қолданылмағаны, «арқылы» дегеннің «ақылы» болып жазылуы, жалпы сөйлемнің жөнді құрылмағаны көрер көзге ұрып тұр.

Өзін астаналықпын деп санайтын әрбір тұрғын қала мәдениетін қалыптастыру үшін тіл тазалығына да мән бергені абзал. Сыртқы жарнама және көрнекі ақпараттарға қатысты талап-тілектердің бәрі аяқсыз қалмайды. Елорда әкімдігі сайтының «Халықтық бақылау» бөліміне жолданған хаттар көшелердегі қателердің түзелуіне, сапалы әрі тез жұмыс істеуге септігін тигізіп отыр.

МАМАН МІНБЕРІ

А. Шоқаева, Тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы:

– Нысандарда орналасқан маңдайшаларды, сыртқы (көрнекі) жарнама мен баннерлерді ресімдеуде Заң талаптарының бұзылуына, жіберілген грамматикалық және стилистикалық қателіктерге ай сайын мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан сыртқы жарнама және көрнекі ақпарат бойынша 1474 эскиз сараптамадан өтіп, жарнама мәтіндерінің 1005 қатесі түзетілді. Қазақ тіліндегі атаулармен немесе екі тілде келген жарнама саны – 469; орыс тіліндегі атаулармен келген жарнама саны – 475; ағылшын және басқа да тілде келген жарнама саны – 77; транслитерацияланған жарнама саны – 25; дұрыс аударылып, қатесіз жазылған жарнама саны – 469.

Маман пікірі

Алма Шоқаева,
Тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы:
– Нысандарда орналасқан маңдайшаларды, сыртқы (көрнекі) жарнама мен баннерлерді ресімдеуде Заң талаптарының бұзылуына, жіберілген грамматикалық және стилистикалық қате­ліктерге ай сайын мониторинг жүргізіледі.
Жыл басынан сыртқы жарнама және көрнекі ақпарат бойынша 1474 эскиз сараптамадан өтіп, жарнама мәтіндерінің 1005 қатесі түзетілді. Қазақ тіліндегі атаулармен немесе екі тілде келген жарнама саны – 469; орыс тіліндегі атаулармен келген жарнама саны – 475; ағылшын және басқа да тілде келген жарнама саны – 77; транслитерацияланған жарнама саны – 25; дұрыс аударылып, қатесіз жазылған жарнама саны – 469.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша 10 көшеде орналасқан 150 нысанға, Алматы ауданы бойынша 15 көшеде орналасқан 170 нысанға, Есіл ауданы бо­йынша 8 көшеде орналасқан 40 нысанға түсіндіру жұ­мыстары жүргізілді. Қала­дағы кейбір нысандардың маңдайшалары мемлекеттік және орыс тілінде ресімделіп, алайда көрнекі ақпарат тек орыс тілінде ресімделетіні анықталды.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша 10 көшеде орналасқан 150 нысанға, Алматы ауданы бойынша 15 көшеде орналасқан 170 нысанға, Есіл ауданы бойынша 8 көшеде орналасқан 40 нысанға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаладағы кейбір нысандардың маңдайшалары мемлекеттік және орыс тілінде ресімделіп, алайда көрнекі ақпарат тек орыс тілінде ресімделетіні анықталды.

P.S. Өзін астаналықпын деп санайтын әрбір тұрғын қала мә­дениетін қалып­тастыру үшін тіл тазалығына да мән бергені абзал. Сыртқы жарнама және көрнекі ақпараттарға қатысты талап-тілектердің бәрі аяқсыз қалмайды. Елорда әкімдігі сайтының «Халықтық бақылау» бөліміне жолданған хаттар көшелердегі қателердің түзелуіне, сапалы әрі тез жұмыс істеуге септігін тигізіп отыр.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 − four =