«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Қазақконцерт» аймақтарды аралайды

0 10

Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ел бірлігі – Жаңа Қазақ­стан» атты жаңа жобаны бастайды. Соның аясында биыл Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандары мен моноқалаларында концерт береді.

whatsapp-image-2021-11-30-at-105255-4

Бұл жоба 2022-2025 жылдары кезең-кезеңімен іске асырылады. Мақсаты – өңір тұрғындарына мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлердегі шығармашылық ұжымдар мен әртістерді қолдау, еліміздің ұлттық құндылықтарын дәріптеу.

Алаш қозғалысының орталығы болған Абай облысының орталығы Семей қаласы, халқымыздың қаншама ұлы тұлғасы дүниеге келген киелі өңір, экономикалық қана емес, мәдени-рухани маңызға ие. Сондықтан «Қазақконцерт» гастрольдер маусымын осы киелі өңірден бастамақшы.

10-12 тамыз күндері Семей, Курчатов қалаларында және Абай ауданының Қарауыл ауылында, сонымен қатар 13-15 тамыз аралығында Шығыс Қазақ­стан облысының Риддер, Серебрянск, Алтай қалаларында шығармашылық ұжымның концерттері өтеді.

Гастрольдік концерттердің шығармашылық құрамында «Қазақконцерттің» солистері Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Салтанат Ахметова, Жанна Орынбасарова, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұ­қият, Ардақ Елеусіз, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дарын Құдайберген, Әлібек Әлмадиев, Әйгерім Алтынбек, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық бар.

Баян Асылбекова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды