«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қазақ жерін паналағанына – 75 жыл

0 164

Солтүстік Кавказ халқының қазақ еліне жер аударылғанына 75 жыл толып отыр. Жақында осы оқиғаға орай Алғыс айту күні қарсаңында елордадағы Достық үйінде арнайы еске алу жиыны өтті.

«Вайнах» шешен-ингуш этно­мәдени орталығы» ұйым­дас­тырған іс-шараның басты мақсаты – өткен тарихқа кезекті рет үңіліп, естеліктерді сақтау, қазақ халқының кеңпейілдігін, дархандығын, қонақжайлығын кезекті рет паш ете отырып, сол тұстағы қиын-қыстау кезеңде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіру.
Жиын барысында жастар тобының театрланған көрінісі мен арнайы әзірленген тарихи бейнефильм жұртшылық назарына ұсынылды.
– Ата-бабамыздың жер аударылып келгеніне 75 жыл болды. Ал өзім осы қазақ жерінде туып өстім, биыл 68 жасқа келіп отырмын. Мұсылман әрі мінезі кең халық болған көрген қиындықтарымыздың жеңілдеуіне үлкен көмегін тигізді. Сол бір кезең қиын-қыстау уақыт болса да бізді өзгелерден бөліп-жармай, бір үйдің баласындай бірге өстік, – деді Целиноград аудандық Достық үйінің басшысы Магомед Сукалов.
Айта кетейік, түрлі зерттеу­лер бойынша 1944 жылдың 23 ақпаны мен 9 наурыз аралығында Шешен-ингуш АКСР аумағынан, сондай-ақ оған іргелес жатқан аудандардан Қазақстан мен Қырғызстанға шамамен 500-650 мың адам жер аударылған екен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды