«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қазақ және франция музыка кеші

0 7

Франция мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай «Астана» концерт залында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі мен француз композиторы Давид Бисмуттың «Le Printemps Romantique» концерті өтті.

_35A1041

Концерт бағдарламасына Еркеғали Рахмадиевтің «Құдаша Думан», Альфонс Доденің «Арлезианка» драмасына арналған Жорж Бизенің сюитасы, Сезар Франк­тың «Прелюдия», фуга және си минор вариация­сы, Камиль Сен-Санстың оркестрмен фортепианоға арналған №2 концерті енгізілді. Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі – Берік Батырхан, дирижері – Ернар Нұртазин.

Берік Батырханның айтуынша, концерт идеясы көрермендерге француз композиторлары Камиль Сен-Санс, Сезар Франк және Жорж Бизенің симфониялық және фортепианолық туындыларын таныстырудан туындады.

«Le Printemps Roman­tique» концерті Қазақстандағы Франция елшілігімен бірлесіп өткізілді. Бұған дейін де олармен бірге Жак Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсы қойылды. Сондай-ақ симфониялық оркестрдің Франциядағы гастрольдері ұйымдастырылды.

Ал Париж жоғары ұлттық музыка және би консерваториясының түлегі, көрнекті пианист Давид Бисмуттың дискография­сында француз музыкасы ерекше орын алады. «Pianiste» журналының мәліметі бойынша Давид Бисмут – ең дарынды пианистердің бірі. Оның орындау мәнері тереңдігімен, айқындылығымен, нақтылығымен және поэтикалық бояуымен ерекшеленеді.

Баян Асылбекова

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды