Қазақ тіліне аударылған 38-мультфильм

0 78

Осы аптада Disney студиясының қазақ тіліне дубляждалған «Энканто» фильмінің тұсауы кесіледі.

уолт

«Энканто» жаңа музыкалық фэнтези фильмі – режиссер Байрон Ховард пен Джаред Буштың сценарист Чариз ­Кастро Смитпен бірлесе жасаған Disney студиясының 60-фильмі. Фильмнің саундтректерін «Моана» және «Коко құпиясы» әйгілі анимациялық фильмдері әндерінің авторлары жазған. Мультфильм сиқырлы отбасында дүниеге келген 15 жасар Мирабел Мадригалдың өмірін баяндайды. Оқиға Колумбия тауларында жасырынған Энканто деп аталатын жерде өтеді. Мультфильмнің атауына да себепкер болған Энканто – таңғажайып оқиғалар орын алатын сиқырлы мекен.

«Энканто» – қазақ тіліне дыбысталып, отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шығатын 38-фильм. Премьера 25 қарашада өтеді.

Голливуд киностудияларының отбасымен бірге қарауға арналған фильмдері «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалды.

Мультфильмнің сюжеті қызық. Колумбия тауларындағы оңаша сиқырлы үйде тұратын таңғажайып отбасы балаларының әрқайсысының керемет қабілеті бар. Күндердің күнінде осы отбасында Мирабел деген қыз дүниеге келеді және оның бойында ешқандай ерекше қабілеттің жоқ екені белгілі болады. Алайда кенеттен Энканто жеріне қауіп төніп, Мирабел соңғы үмітке айналады. Бірақ бойында ешбір ерекше қабілеті жоқ қыз өз қаласы мен отбасын сақтап қала ала ма? Осы және өзге де шытырманға толы оқиғалар фильмде көрініс тапқан.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =