ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЖҰМЫС ТІЛІ

0 117

2

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 14-30 сәуір аралығында Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» байқауын өткізген еді.

Кеше қалалық әкімдікте осы негізде құрылған арнаулы комиссия байқау қорытындысын шығарды. Қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешовтың айтуынша, қатысқан он екі жоғары оқу орнының ішінде Астана медициналық университеті, Қазақ технология және бизнес университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, «Тұран-Астана» университеті ісқағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізетінін көрсеткен. Ал, Қазақ инженерлік-техникалық академиясы, Қазақстан-Ресей университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, тағы басқа да оқу орындары мемлекеттік тілге дұрыс көңіл бөлмейтіндігі айтылды.

Сондай-ақ, қаладағы спорт мектептері арасында өткен «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» байқауында да тілдік ахуалдың №6 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебінде, «Дәулет» спорт комбинаты мен №5 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебінде жақсы екендігі қуантты. Мұнда шығыс құжаттары түгелдей мемлекеттік тілде жүргізілуде.

Байқау нәтижесінде бірінші орын Астана медицина университеті мен «Олимпиадалық резерв дайындау орталығына» берілсе, екінші орынды №6 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв спорт мектебі мен Қазақ технология және бизнес университеті, үшінші орынды «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі мен «Тұран-Астана» университеті иеленді.

Комиссия отырысында қаладағы барлық жоғары оқу орындарына іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу жөнінде бірнеше ұсыныстар айтылды.

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − ten =