Қазақ театрының қуанышы

0 82

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада салынған Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академия­лық қазақ музыкалық драма театрына барып, жаңа мәдени нысанмен танысып, өнер ордасының шығармашылық ұжымымен кездесті.

Шын мәнінде, бұл жұртшылықтың біраз жылдан бері асыға тосып жүрген қуанышы еді. Енді көрермендер Қаллеки театры әртістерінің өнерін әсемдігі келіскен жаңа сахнада тамашалайды. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев астана көшкелі қалада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті.
– Баршаңызға шығармашылық жетістік пен табыс тілеймін. Бүгіннен бастап біз театрды ашық деп жариялаймыз. Оның құрылысына «Самұрық-Қазына» компаниясы арнайы қаражат бөлді. Мұнда барлық жағдай жасалған. Көрермендердің осы театрға қуана келетініне сенімдімін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Театрдың жаңа ғимараты Тұңғыш Президенттің бастамасымен бой көтерді. Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан. Кездесу кезінде Елбасы театр әртістерімен бірге Ақан серінің «Қара торғай» әнін орындады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =