Қазақ тарихшыларының конгресі

0 103

Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында осы оқу орнының ректоры Ерлан Сыдықовтың төрағалығымен «Халық тарих толқынында» атты Қазақстан тарихшыларының екінші конгресі өтті.

 

Астанада бұған дейін бастау алған «Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігі: қалыптасуы мен даму көкжиегі» атты тарихшылардың І конгресі барысында қазақ тарихын жазуда Кеңес өкіметі тұсында кеткен кем-кетіктің орнын толтырып, отанымыздың өткен кезеңдерін жан-жақты зерттеу қажеттігі, ол үшін шығыс пен батыс жылнамашыларының деректерін тиімді пайдалануымыз тиістігі айтылған болатын. Ал, жүзге жуық тарихшы-ғалымдардың қатысқан бұл жолғы ғылыми басқосуы үш секциялы жұмыс негізінде өрбіді. Оның біріншісінде баяндамашылар көне және орта ғасыр дәуірінде қазақ елі мекен еткен этностар туралы деректерге, екіншісінде тәуелсіздік алған жаңа дәуірдегі маңызды оқиғаларға, үшіншісінде тарих ғылымындағы зерттеулерді жобалау, оны оқыту мен жаңа технологиялық әдістерді енгізудің жөн-жосығына кеңірек тоқталды.

 

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 9 =