«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

0 257

photo_50717

Кеше Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласынан ақжолтай ақпарат алдық. Тұңғыш рет қазақ қызы бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Қазақстан құрамасының ең жеңіл бокс­шысы Назым Қызайбай көк туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды асқақтатты.

Назым жартылай финалда Жапония спортшысы Мадоку Вадуды 3:0 есебімен ұтса, финалда Үндістан боксшысы Шамджетсабам Сарджбуманды айқын басымдылықпен тізе бүктірді. Осылайша, Қазақстан спортында жаңа көрсеткіш пайда болды. Қазақ қызы Назым Қызайбай әуесқой бокстан әлем чемпионатының алтын медалін алды.

Тағы бір қазақ қызы Ләззат Күйгенбаева байрақты бәсекенің финалына дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды