Қазақ күресінің келешегі

0 114

Елордада қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жарыс Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жасөспірім балуандар 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Жарыстың бірінші күнгі іріктеу белдесулерінде Ислам Қамбаров (Алматы облысы), Бақдәулет Сатан (Қарағанды облысы), Жасұлан Сайын (Маңғыстау облысы), Мейірхан Бейсенәлі (Түркістан облысы), Сабырбек Кемелбек (Жамбыл облысы), Бекарыс Тоқсейіт (Шымкент қаласы), Мүслім Бекмағамбетов (Нұр-Сұлтан қаласы) өз қарсыластарынан басым түсті.
– Биылғы жарысымыз еліміздің мерейлі белесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып отыр. Кіші жасөспірімдер арасындағы, яғни 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы чемпионатқа еліміздің барлық аймақтарынан 180 балуан келіп қатысуда. Спорт сарайында барлық жағдай жасалған, сақтық шаралары толықтай сақталады, – дейді жарыстың бас төрешісі Болат Ақжігітов.
Чемпионат 28 ақпанда, жексенбі күні мәресіне жетеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 13 =