Қазақ күресінен әлем мықтысы анықталады

0 45

Кеше елордада қазақ күресінен VIII әлем біріншілігінің жалауы көтерілді. Байрақты бәсекеде 33 елден келген 300-ге тарта ба­луан белдеседі.Әлем біріншілігінің ашылу салтанатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр ­Мәкен сөз сөйлеп, Қазақстан астанасына келген шетелдік делегация өкілдері мен спортшыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ Біріккен күрес әлемінің белбеу күресі бойынша Бүкіләлемдік комитетінің президенті Чолпон Султанбекова,
Дүниежүзілік «Қазақ кү­ресі» федерациясының президенті болып сайлан­ған Алик Шпекбаев әлем біріншілігін ұйымдастырушылар мен спортшылар­ға ризашылықтарын білдірді.
Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан чемпионатқа «Eurasian Resources Group» (ERG) компаниясы қолдау көрсетті.
«Дәулет» спорт кешенінде өтетін жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жанкүйерлер чемпионатты «QAZSPORT» телеарнасы арқылы да тамашалай алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды