ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МАРАФОН

0 163

83383a07d3cb5480d42803f048c81cb7

Елордада «Қазақ хандығының 550 жылдығына дейін 550 метр» ұранымен марафон-флешмобы өтті. Аталған шара Астана қалалық әкімдігі мен Қазақстандағы әуесқой триатлон федерациясы ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Шараның ашылуында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев барлық қазақстандықтарды биылғы мерекемен құттықтай отырып:

«Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отырмыз. Ал бүгін елордамызда Елбасымыздың бастамасымен аталып өтілетін еліміз үшін үлкен шараның тұсаукесері өтуде десек те болады» деді.

«Қазақ Елі» монументінің алдынан басталған 550 метрлік марафонға жүгіруден әлем рекордын жасап, Азия, Африка, Австралия, Америка құрлықтарының ең ірі шөлді аймақтарын жалғыз жүгіріп өткен, Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген Марат Жыланбаевпен қатар басқа да спортшылар, қоғам белсенділері, БАҚ пен мемлекеттік орган өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + eleven =