ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫ НЕГЕ АЗ?

0 197

Қазақ басылымдарына сұраныс төмен бе? Олай деуіміздің себебі, қаладағы дүңгіршектерінен қазақша газет-журналдарды табу қиын. Қазақ тілді басылымдардың саны саусақпен санарлықтай ғана. Ал Ресейден келетін газет-журналдарда есеп жоқ.

Еліміздің эфир нарығын жаулап жатқан шетелдік телерадио компанияларды санамағанда, мыңдаған газет-журнал еркін тасымалданып жатыр. Қазақ жас-тары сол басылымдарды бас алмай оқиды. Әсіресе, елордамызда қазақ басылымдарын сататын дүңгіршек аз. Олардағы баспасөздің басым бөлігі бақа елдің идеологиясын дәріптейтін дүниелер. Қаптаған шетел басылымының ішінен қазақтілді газет-журналды әрең табасыз. Оның өзінде бағасы өте төмен. Жақында пошта, қоғамдық орындардағы (вокзал, аэропорт) дүңгiршектерден қазақ газеттерін таппай әурелендік.

«Қазақ тiлiндегі басылымдарға сұраныс аз. Оның өзi өтпейдi. Қалада ««Инфо-Цес», «Из рук в руки», «Недвижимость» сияқты орыс басылымдарына сұраныс көп. Өйткені, астаналықтардың көпшілігі орысша ойлап, сол тілде қарым-қатынас жасап, ресми тілде оқуға бейім, – дейдi газет сатушы Клара Сағатқызы.
Онысы рас, қаламызда таза қазақша басылымдар сататын «Алты алаш» дүңгіршегі ғана бар. Болашақта, таза қазақша басылымдар сататын осындай дүңгіршектердің қарасы көбейсе, сонымен қатар қазір сауда жүргізіп тұрған дүңгіршектерде қазақ тілді газет-журналдардың санын көбейту қолға алынса, нұр үстіне нұр болар еді.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =