ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫН АҒЫЛШЫНШАҒА ҚАЛАЙ БАУЛИМЫЗ

0 316

Еліміздегі балабақшаларда ағыл­шын тілі оқытылып жүргелі біраз жыл бол­­ды. Үштілділер мекеніне ай­на­лу­ды көздеген мемлекет үшін бұл, әрине, жаңалық емес. Балалар бір дестен үш тілді меңгеретін болады. Үш тілмен қаруланып, үш адам­ның мүм­кіндігіне ие болады.

Десе де, тіл үйрену бір бө­лек те, сол тілмен бірге халық­тың салт-санасын сіңдіру бір бө­­лек. Олай дейтініміз, шы­­ғар­­маларын өзге тілде жазса да, қа­зақтың иісі аңқып тұратын ақын­­дар­ымыз бар. Мәселен, Олжас Сү­лей­­­­менов өлеңдерін орысша жазса да, қазақ ақыны болып қалады. Орыс тілінде жыр жинағын шығарып үл­гер­ген Төлеген Мұхамеджановтың да қазақшылығына ешкім күмән келтіре алмайды. Бұл тұрғыда, айта кету керек, психологтар баланың бес жасқа дейін алған тәрбиесі оның бүкіл өмі­­рін­­дегі азаматтық болмысының не­­гі­­­зін қалайтынын айтады.

Ал, оң-солын танып болмаған ба­ла­­ға, ауылдың түтінін, қойдың қиын иіскеп көрмеген өренге өз­ге тіл­­ді үй­­­реткенде неге мән беруіміз ке­­рек?

Бәрімізге мәлім, шет тілі біздің елі­­­міз­де тікелей ор­ыс тіліндегі оқ­ы­­ту әдіс­темесі ар­­қы­лы оқытылып ке­ле­­­ді. Дәл биылғы жыл­­ға дейін мек­­теп­­­те ағылшын ті­­­лі сабағын оқыт­­­­­қан­­­­да да қосымша пай­­да­лана­тын оқу құралдары орысша бол­ған. Бағдарлама бойынша мәтін ау­­­­дар­­ған­­да орысша-ағылшынша жә­­не ағылшынша-орыс­ша сөздіктер қол­­да­­­­ныл­­­ды. Оқу­лық­­­­та­ғы мәтін­дер де ағ­ыл­­­шын және орыс тілінде болып кел­­ді.

Хош делік. Психологтардың па­йым­­дауына сүйенсек, мектепте, жо­­­ғар­­ғы оқу орындарында адамдық бол­­мы­­сы­ның негізі қалыптасып қой­ған­­дар оқиды. Ал, балабақшадағы ба­­ла­­­лар ше? Біз оларға ағылшын тілін оқыт­­қанда оңды әдістеме қолданып жүр­­міз бе? Балаларымыздың ағыл­шын тілін білетін, бірақ өз отанын, халқын сүйетін, өз елінен ешбір елді ар­­тық көрмейтін ұлтжанды азамат бо­­лып қалыптасуына ықпал ете алып жа­­тыр­­мыз ба?

Бұлай деп отырғанымыз, біз­­дің елі­­міз­де Білім және ғылым минис­т­рлі­­гі балабақша тәрбиелену­шілеріне ағылшын тілін оқыту әдістемесі­­нің стан­­дартын әлі бекітпеген. Яғни, тілі шүл­­дірлеп енді ғана шыққан жас жет­­­­кін­­шек­терге әркім өз өресі дең­­гейінде сабақ береді. Мұнда да әңгіме ағылшын тілін білудегі өре тұр­ғы­­­­сында емес, азаматтық, ұстаз­дық ұстанымдар тұрғысында.

Біздің білетініміз, балабақшаларда ағылшын тілі мұғалімдері өздері да­­йын­­дап, әзірлеген әдістемелер мен бағ­­дарлама аясында сабақ өт­­кізеді. Ең өкініштісі, балалар ағыл­­шын тілімен қоса ағылшын халқы­ның мәдениеті мен дәстүрін, салт-санасын қоса сіңіреді. Мәселен, ағыл­­шын халқында ««Halloween» ат­­ты ұлттық мереке бар. Сабақ үстін­де сол мереке тойланады. Балалары­мыз өздерін Англия азаматы ретінде сезінуге, ағылшын халқының санасын сезінуге тырысады.

Ал біздің мақсат – ағылшын идео­ло­гиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ға­на үйрену емес пе? Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын ті­­лі­­мен қаруландыру ғана емес пе? Ал біз­ге Англиядағы мерекелерді тойлау жа­ра­са ма?

Баршаға мәлім, жапон халқы балаларына он екі жасқа дейін шет ті­лін үйретпейді. Ол жапондардың ба­­ла­­ларының болашағын ойламаған­дығы емес. Шет тілін мүлдем қажет­сін­­бе­­ген­дігінен де емес. Ұлттық ерек­­ше­­лік­­ті мәңгіге сақтап қалу тұрғы­сын­­дағы ұлы мұраттан айнымауға ты­­рыс­­қан­дықтан. Балаларының шын мәнінде жапон азаматы болып қа­­лып­­тасуын көздегендіктен.

Ендеше, балабақшада қазақ елі де­ген­де ішкен асын жерге қоятын азамат­тар тәрбиелеуді неге қолға алмас­қа?

*тақырыпқа тұздық

Қызғалдақ Бораншина,
№40 «Құлпынай» балабақ­шасы­ның ағылшын тілі мұға­лімі:

– Ағылшын тілі сабағы бойынша әдістеме мен жоспарды өзіміз жазып шығамыз. Содан кейін біздің мекемедегі әдіскер тексереді. Ал соңында балабақша меңгерушісі бекітіп береді.
–  Ал, сіз сабақ барысында бала­лар­дың сөздік қо­рын байыту үшін ағылшын халқының салт-дәстүрі, ұлт­тық мәдениеті туралы айтасыз ба?
– Иә, біз даталарға орай ағыл­шын еліндегі мерекелерді атап өтеміз. Мәселен, «Halloween» секіл­ді ағылшын халқының ұлттық мерекесін арнайы дайындықпен өткіземіз. Онда, мәселен, асқабақ­ты бояп, оның мұрнын, басқа мү­ше­лерін ойып салып, балаларды құ­бы­жықтар етіп киіндіріп, ойнатамыз.
– Балалар ағылшын тілін не­ше жастан оқып жүр?
– Мен, мәселен, төрт жастан оқы­та­мын. Әр жерде ол әрқалай.
– Ағылшын тілінен қай тілге аударасыздар?
– Ағылшыншадан қазақшаға тіке­лей аударатын сөздік жоқ. Сон­дық­­тан, біз ағылшынша мәтін­ді аудару керек болса, бірінші орыс­­ша­ға, содан кейін барып қазақ тіліне аударамыз. Соңғы уақытта ғана кейбір балабақшаларда ағылшын тілін қазақша оқыту әдістемелері жасалып жатыр деп естіп жатырмыз. Бірақ ол әлі бәрімізге тарап үлгерген жоқ.

Қаламқас Сатыбалдиева,
№51 «Алтын сандық» бала­бақ­шасының ағылшын тілі мұ­ға­лімі:

–Осы уақытқа дейін бағдарламаны өзіміз жасап келдік. Бірақ биыл бір мұғалімдер жаңадан бағдарлама жасапты. Біз қазір соны қолданып отырмыз.
– Ағылшын тілін қалай оқыта­сыз­дар? Ағыл­шын­ша­дан бірден қа­зақша­ға аудара аласыздар ма?
– Иә. Қазақ тобы болса, біз ағыл­шын­­ша­дан тікелей қазақшаға аудара­мыз. Ал, топта орыстілділер де бол­са, онда бірінші орысшаға, сосын, қа­зақ­­ша­ға аударамыз. Ал, жалпы, ағыл­шын­ша­дан тікелей қазақша аудара­­тын сөздіктер биылдан бастап жақсы таратылып жатыр.
– Ағылшын тілі сабағында қосымша не үйрете­сіздер?
– Ағылшындардың мәдениетін, тарихын үйретеміз. Мәселен, «хэллоуин» және басқа да мерекелерді атап өтеміз. Бірақ, бастауыш білімде тарихқа терең бармайды.

P.S. Ағылшын тілін үйрену үшін ағылшындардың мерекесін тойлап, ағылшын болу міндет емес.
Ендеше біздің балаларымызға ағыл­­шынның тілі керек, бі­рақ олар­­­дың идеологиясы, ұлт­тық салт-са­на­сы керек емес. Сондық­тан, ағылшын тілі пәнінде де қазақ­тың өмір салты мен қазақтың ұлт­тық мерекелері, жал­пы Қазақстан туралы айтылуы қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай тү­йі­­ні, ағылшын тілі пәнінде де ба­ла­лар­ды ұлттық патриотизмге, өз елін сүю­ге баулыған дұрыс.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − four =