ҚАЗАННЫҢ БАСЫ ҚАРМЕН БАСТАЛМАҚ

0 110

Қазгидромет мәліметтері бойынша, бүгіннен бастап еліміздің солтүстік және орталық бөлігінде ауа райы белсенді ауа ағымының қыспағында қалады, осыған байланысты күн күрт суытуы мүмкін.

Бүгін Астана қаласында жауын-шашын болып, соңы қарға ұласады және бұрқасын жел тұрады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы 2-4 градус, күндіз – 5-7 градус ғана жылы болады. «Алдағы үш тәулік бойы елордада күн салқындайды: түнде 0-5 градус жылы, ал күндіз 3-8 градус көлемінде. 6 қазаннан бастап жауын-шашын басылады, 7 қазаннан ба­стап қайтадан күн жылына бастайды» деп хабарлады Қазгидрометтің жетекші синоптигі Ботаева Мақпал.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 15 =