©2020 Астана Ақшамы
ҚАЗАНДА ҚАР ЖАУАДЫ
Астанада кешелі бері жаңбыр. Ел аузында жұма күні басталған жауын бір апта тоқтамай жауады деген сөз бар. Оның алдында нөсердің соңы ылғалды қарға ұласады деп болжанған еді.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 2-3 қазан күндері түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының, 2-4 қазан күндері түнде Павлодар облысының, 3-4 қазан күндері түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, оның соңы қарға ұласады деп күтілуде. Осыған байланысты ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.
Жаздың жаймашуақ күндеріне үйреніп қалған елорда жұртшылығы кенет суытқан ауа райына бейімделе қойған жоқ.Енді алда күздің қара суығы келе жатыр. Қар аралас жаңбыр да жаууы мүмкін. Бұл – нағыз қарбалас туғызатын сәт. Көшеде адамдар байқаусызда тайып жығылып, жарақат та алып жатады. Сондықтан абай болғандарыңыз жөн.