«Қауіпті автөкөліктерді» анықтайды

0 10

Елорда жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында «Сергек» бейнежазба функциясы кеңейтілді. Жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көлігінің нөмірі жүйеге енгізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram-дағы парақшасында жазды.

«Егер жолдардағы камера сондай көлікті анықтаса, онда олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қыз­меткеріне түседі. Жүйенің мүмкіндігі «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді. Әрі қарай, осындай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады» деді Малика Бектұрова.
Оның мәліметінше, екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция алкоголь немесе есірткі пайдаланып, көлік жүргізгені үшін 108 адамды жауапқа тартты. Олардың 9-ы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − nine =