©2020 Астана Ақшамы
Қауіпсіздік қағидалары
Өткен аптаның соңғы күндері жол-көлік оқиғасынан жарақат алудың алдын алу мақсатында қала аумағында «Қауіпсіздік белдігі» республикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараны өткізу барысында жол полициясының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеді. «Қауіпсіздік белдігі» профилактикалық іс-шарасы жүргізушілер мен балалардың және олардың ата-аналарының назарын автомобиль жүргізген кезде қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағып, балаларды алып жүрген кезде де оны ұстату құрылғысы ретінде орнату керектігіне аудартуды көздейді. Қауіпсіздік белдігі жүргізуші мен жолаушының жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алуын бірден-бір азайтатын негізгі құрылғы болып табылады. Профилактикалық іс-шара кезінде жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік белдігінің пайдасы, оның жол-көлік оқиғасы жағдайында адам өмірін құтқару мүмкіндіктері жазылған парақшалар таратылды. Аталмыш шара аясында екі күннің ішінде 1290 жол қауіпсіздік ережесін бұзу анықталса, оның 406-сы қауіпсіздік белдігін тақпау, 109-ы көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу болып табылады. Жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге қатысты 133 хаттама толтырылып, жүргізушілер жол бойына қоқыс тастаған 64 факті, мас күйінде көлік жүргізген 11 факті анықталды. Биыл балалардың қатысуымен болатын ЖКО санын 16,7%, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын ЖКО санын 14,3% төмендетуге қол жеткізілді.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ