Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

0 21

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.Отырыс барысында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды, сондай-ақ шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Отырысты ашқан Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ел дамуының күрделі сыртқы жағдайлары, ең алдымен, коронавирус инфекциясының жаһандық пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарымен байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты, вакцинация жұмыстарының маңызы, сондай-ақ Үкіметтің халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу және экономикалық өсу қарқынын сақтау қажеттілігі атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайдағы әскери құрылым мен Қарулы Күштердің конфигурациясында жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттілігін атап өтті.
– Біз барлық көршімізбен берік дос­тық қарым-қатынас және жетекші державалармен берік әріптестік орнаттық. Сонымен қатар мықты әскер – ел қауіпсіздігінің маңызды кепілі, – деді Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Елбасы бүгінде ассиметриялық және гибридті қатерлерді тойтаруға дайындық, жаңа технологияларды енгізу және әскери процестерді басқаруды автоматтандыру маңызды мәнге ие болып отырғанын мәлімдеді.
– Біздің Қарулы Күштеріміз егемендік пен аумақтық тұтастықты, ұлттық мүдделерді қорғауға қабілетті болуы керек. Осының бәрі таяудағы онжылдықта әскерді дамытуды жоспарлау кезінде ескерілуі тиіс, – деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 15 =