ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕРТУ ҚАЖЕТ

0 81

Кеше Астана  қаласының  әкімі  Әділбек  Жақсыбековтің  төрағалығымен  өткен аппарат отырысында дифференциалды жұмыс уақыты туралы мәселе қаралды.

аким

Ақпанның 1-інен бастап елордадағы барлық атқарушы органдар жаңа кес-теге көшкен еді. Соған орай жұмыс тәртібі таңғы 8.30-дан кешкі 18.00-ге дейін белгіленген болатын. Бұл өз кезегінде шаһардағы жолдарға түсетін жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік берді. Көшедегі көлік кептелісін одан әрі азайту үшін осындай өзгерістер енгізуді мемлекеттік органдар да, ұлттық компаниялар мен жеке меншік фирмалар да түсінуі керектігі басқосу барысында баса айтылды. Осы тұрғыда тиісті мекемелерге өзге құрылымдармен өзара іс-әрекетті күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар, Әділбек Жақсыбеков халықпен өрт қауіп­сіз­дігі тақырыбында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу қажеттігін де атап өтті. Ережеге сәйкес өрт сөндірушілерге оқиға орнына жету үшін 10 минут уақыт беріледі. Қалалық өртке қарсы қызметтер уақытында келгенімен, көп жағдайда үйлерге жақын бара алмайды. Тұрғындар аулаға шлагбаумдар мен бетон қоршауларды жиі орнататындықтан, қозғалыс шектеліп, өрт қауіпсіздігіне қатысты талаптар бұзылуда. «Бұл – маңызды мәселе. Мұндай кезде әрбір минут қымбат. Мәслихат бекіткен өрт қауіпсіздігі ережелері бар, аулаішілік жолдар ашық болуы керек» деді қала басшысы.

Оның айтуынша, аталған мәсе­ле бойынша тұрғындар да жиі шағымданады. Қала әкімі сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарларына өз бетінше орнатылған қоршауларды алып тастау туралы аптасына кемінде 5-7 өтініш келіп түседі. Бұл мәселені шешу үшін шлагбаумдарды заңсыз орнату мәселелері жөніндегі жұмыс тобын қайта құру міндеттелді. Өрт қауіпсіздігі мақсатында газ баллондарын сататын орындар да тексерілмек. Яғни, кез келген алыпсатарлық пен күмәнді өндіріске тосқауыл қойылады.

astana-akshamy.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + eighteen =