Қауіпсіз қоғам құру қадамдары

0 117

Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – Мемлекеттікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту. Мемлекетті нығайтып, дамыған қоғам құру, тәртіп пен реттілік орнатудан, таза ортадан және жарқын жүзді адамдардан басталады делінген. Жолдауда жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне үлкен көңіл бөлініп отыр. Елбасы жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес, ол мем­­ле­­кет­­тің тиімділігіне және  ұлттық қа­­уіп­­сіздігімізге төнген тікелей қатер болып саналатынын айтты. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін, оған қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы күресті күшейтіп, жемқорлықпен, мемлекет пен қоғам бірігіп күресу керектігін  атап  өтті.

Заман мен адамның өзгеруіне байланысты, өмірдің талабына сай сұраныстар туындауда. Сондықтан, Елбасы Үкімет пен «Нұр Отан» партиясының назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құжаттың қажеттілігіне аударды. Осыған орай, жалпыға бірдей құқықтық тәртіп пен қауіпсіз қоғам құрудың заңнамалық негізін қалыптастыру мақсатында, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын талқылауға арналған Құқықтық кеңес отырысы болып өтті.

Парламенттегі фракция мүшелері жобаның жоғары деңгейде дайындалуына тікелей араласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес «Нұр Отанның» 2017 жылғы сайлау алды тұғырнамасының басты бағыты ретінде белгілеп отыр. Бүгінгі заңның мақсаты күрес болса, жаңа жобаның артықшылығы оның алдын алуға бағытталғандығын ескеретін болсақ, жаңа Заң жобасының қабылдануы сыбайлас жемқорлықпен күрестің сапалы жаңа кезеңіне алып келуі тиіс. Мемлекетіміздің әрбір азаматы жемқорлыққа қарсы күреске белсенді түрде қатысқанда ғана, оның қайталанбайтын жүйеге түсуін Президентіміз атап өтті.

Сонымен қатар, жаңа жобада жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға қатысып, көмектескен адамдарға кепілдіктер де қарастырылған. Жемқорлыққа алдымен ұшырайтын да, зардабын тартатын да халық болғандықтан, сарапшылар тобы әлі де толықтыруды қажет ететін жобаға жалпы бұқараны тартуға аса қызығушылық танытып отыр.

«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қа­­зақ­стан Республикасы Заңының 6-бабына сәй­­кес, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзу­­шы­­лық­­тар­­ды анықтауды, жолын кесуді, алдын алуда және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде кеден ор­­гандары да жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда, Астана қаласы бойынша Ке­­ден­­­­дік бақылау департаментінде сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы күрес өзіне тән жүйелі түрде жүргізілуде. Өз қызметінде, департамент басшылығы мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көп көңіл бөліп отыр.
Жемқорлыққа қатысты мәселелердің барлығы департамент жанындағы тәртіптік комиссиясында үнемі тұрақты түрде қаралады.
Департаментте жыл басынан бері жеке құраммен өткізіліп жатқан барлық шұғыл жиналыстарда, құқық мәселелері бойынша өткізіліп жатқан сабақтардың барлығында дерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы сабақтап талқыланып отырады.

Елімізде жалпы бұқараның талқылауға шығарылып жатқан «Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» заң жобасының талқылануына белсенділікпен қатысуымызды ескере отырып, департамент басшылығының бұдан былайғы атқарылатын іс-шараларының ішіндегі ең алдыңғы мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып қала беретіндігін атап өткіміз келіп отыр.

Қазақстан Республикасы Кеден органдарына халықтың сенімін арттыру мақсатында Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 227310, 227330 санды сенім телефондары және электронды пошта e-mail UVB-Tamozhnya-Actana@nur.kz. қызмет істеуде. Мұнда азаматтар, департамент қызметкерлері тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мен заңсыз іс-әрекеттері жайлы тәулік бойына хабарласуына болады.

Зархан ӨМЕШОВ,
Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 1 =