ҚАУІПСІЗ ӨНІМДІ ТАҢДА

0 296

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары «Астаналық» сауда үйінде «Қауіпсіз өнімді таңда» шарасын өткізді.

Шара барысында аталмыш сауда үйіне келушілер дәл осы жерден сатып алған азық-түліктерінің сапасын тексеруге мүмкіндік алды. Яғни, санитарлық-химия­лық, бактериологиялық зертхана мамандары өнімдердің құрамында нитраттың қалдығы, тағамдардың микробтық ластануы мен сүт өнімдерінің қышқылдығы жоқ екенін анықтап, сонымен қатар бал өнімдерінің де таза, ешбір қос­пасыз екендігіне көз жеткізу үшін экспресс әдіспен тегін зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Алматы аудандық басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Шапатаева:
– «Hy-lite» деп аталатын заманауи аппараттың кө­мегімен азық-түліктің кез келген түрін жылдам тексеріп, нәтижесінде өнім мерзімінің өткен-өтпегенін, қолдануға жарамды-жарамсыздығын оп-оңай анықтауға болады. Егер тексеріс кезінде өнімдердің сапасы ойдағыдай болмаған жағдайда, саудагерлерге жауапты мекемелер тарапынан тиісті шаралар қолданылады, – дейді тілшілерге берген сұхбатында.
Мамандардың айтуынша, осыған дейін «Әсем», «Шапағат» сауда үйлерінде өткізілген мұндай шара қаладағы басқа да сауда үйлерінде жыл соңына дейін айына екі рет өткізіліп тұрмақ. Сондай-ақ, шара барысында ұйымдастырушылар тұтынушыларға дұрыс тамақтану, санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылықты қамтамасыз ету тұрғысындағы сұрақтарына да жауап бе­ріп, кеңес­терін айтты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =