Қауіпсіз экскурсия

0 52

Елордада Red Bus автобустарымен шолу экскурсиялары қайта жанданды. Сая­хат картасына жаңа бағыт – Есіл өзенінің жағалауы қосылды.

 

Red Bus экскурсиялық автобустары салонында қолды тазарту үшін антисептик орнатылған және әр адамға бір реттік құлаққаптар беріледі. Барлық жолаушыларға ­экскурсия барысында автобус ішінде медициналық бетперде мен қолғап киіп отыруы міндеттеледі.
Red Bus Есіл өзенінің жағалауы, «Хан Шатыр» СОО, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, «Нұр әлем» музейі, Ұлттық музей, «Бәйтерек» монументі мен «Ailand» океанариумы аяладамаларына тоқтайды. Экскурсия күн сайын ұйымдас­тырылады. Жөнелту орны – «Есіл өзенінің жағалауы» аялдамасы, уақыты: 10:00, 12:50, 15:20 және 18:10.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ,
студент

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 2 =