©2020 Астана Ақшамы
ҚАТЕРЛІ ДЕРТПЕН КҮРЕСЕДІ
Қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен Назарбаев университеті өзара әріптестік меморандумына қол қойды.
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған келісім вирустық инфекциялардың генетикалық эпидемиологиясын анықтауға бағытталған.
Ресми деректерге сүйенсек, 1997 жылдан бері Астанада АИТВ вирусын жұқтырға 1066 науқас тіркелген. Ал, өткен үш айдың қорытындысы бойынша вирусты жұқтырған 46 адам табылды. Соңғы уақытта 20-39 жас аралығындағы адамдар арасында аурудың жыныстық жолмен таралуы басымдық танытуда.
ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымовтың айтуынша, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын екіжақты терең зерттеу аурудың молекулярлық-генетикалық деңгейін, таралу себебін, жұқтырылған уақытын білумен қатар, вирустың азиялық не еуропоидтық екенін табуға мүмкіндік береді. Меморандумға сәйкес қатерлі дертпен күресуге биомедицина департаментінің профессоры Сеид Әли бастаған Назарбаев университетіндегі Медицина мектебінің білікті мамандары атсалысады.
Мәдина ЖАҚЫП