Қастерлі домбыраны дәріптеген

0 20

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра мәдениеті: дәстүр сабақтастығы және білім берудегі мәселелер» атты онлайн-конференциясы аясында белгілі күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбайдың мектеп оқушыларына арналған «Домбыра» атты оқулығының таныстырылымы болды.

– Домбыра – қазақтың жаны. Ұлттық аспапты өскелең ұрпаққа үйрету һәм оны арнайы мектеп бағдарламасына енгізу болмысымызды сақтауға бағытталған тағылымы мол қадамның бірі деп санаймын. Мемлекет басшысының былтыр «Ұлттық домбыра күні» мерекесінде домбыраны арнайы пән ретінде мектептерге енгізу керектігі жөніндегі пікірі негізінде осындай ой туындап, кітап жазу ісін қолға алған едік. Қастерлі домбыраны дәріптеген оқулық болашақ үшін пайдалы еңбек деп ойлаймын, – деді кітап авторы.
Сондай-ақ конференция барысында Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры, өнертану ғылымдарының докторы Тойжан Егінбаева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы дәстүрлі музыка факультетінің деканы, өнертану ғылымдары Phd докторы Ержан Жәмең­кеев, Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлқуат Қазақбай секілді белгілі азаматтар сөз алып, қа­сиетті қара домбыраның қадірі мен құндылығы жа­йында парасатты ой өрбітті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × five =