Қашықтан оқытуға дайынбыз ба?

0 78

Білім басқармасы мен оқу орындары директорларына мектептердің қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды. Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен, Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мен білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Қазақстанда алдағы оқу жылы (шалғайдағы ауыл мектептерін қоспағанда) барлық мектептерде 1-11-сыныптар қашықтан оқытылады деп жоспарлануда. Осыған орай, Б.Мәкен отырыста Білім басқармасына білім беру ұйымдарының қашықтан оқытуға және кезекші сыныптардың жұмысына дайындығын қамтамасыз ету, мектептердегі күрделі және жыл сайынғы жөндеу жұмыстарын аяқтау, тиісті актіні толтырып, білім беру ұйымдарының оқу жылының басында дайындалатын комиссиялық қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен бірге, білім беру ұйым­дары 20 тамызға дейін жылу жүйесін тестілеу бойынша жұмыстарды аяқтау, дайындық актілерін алу, кезекші сыныптар, олардағы студенттер мен оқытушылар санын анықтау үшін мониторинг жүргізу, жалпы білім беруде көмек алуға өтініштердің қабылдануын бақылау, барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, «Қамқор всеобуч» мәліметтер базасын 1-11-сынып оқушыларына арналған оқулықтармен уақытылы толтыруды қамтамасыз етуі қажеттігін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − five =