Қаржылық тәртіпті нығайтудағы бюджет резерві

0 111

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2012 жылдың I тоқсанына арналған бекітілген Жоспарға сәйкес 9 бақылау іс-шарасын өткізді, олардың ішінде 4 бақылау іс-шаралары аяқталып, қалған 5-еуі екінші тоқсанда аяқталады.
Аяқталған бақылау-іс-шаралары шеңберінде 11 объекті тексерілді:
– кешенді тексеру – 1 объектіде;
– тақырыптық тексеру – 6 объектіде;
– үстеме тексерулер – 4 объектіде.
Аяқталған бақылау іс-шараларымен қамтылған қаражат көлемі 9 121,3 млн. теңгені құрады.
2012 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 723,3 млн теңге көлемін құрады, оның ішінде:
– бюджетке түсетін түсімдер бойынша – 48,5 млн теңге;
– мемлекет активтерін пайдалану барысында – 382,9 млн теңге;
– бюджет қаражатын жұмсау барысында – 291,9 млн теңге.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 8,2 млн теңге – қалпына келтіруге және 12,7 млн теңге – бюджетке өтеуге жатады.
Қаржылық бақылау органының ең басты міндеттерінің бірі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық тәртібін нығайту болып табылады. Соңғы жылдары елорданың қарқынды дамуы нәтижесінде дебиторлық және кредиторлық берешек көрсеткіштері өсті.
Мысалы, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Астана қаласы бойынша дебиторлық берешектің сомасы 63 921,6 млн теңгені құрайды, оның ішінде:
– республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша – 59 096,6 млн теңге;
– жергілікті бюджеттің қаражаттары бойынша – 4 825,1 млн теңге.
Дебиторлық берешек жалпы сомасының басым бөлігін Астана қаласын дамыту бюджеті бойынша 53 021,9 млн теңге көлеміндегі берешек алып отыр (немесе дебиторлық берешектің жалпы сомасынан 97,9%).
Дебиторлық берешектің негізгі меншікті салмағы келесі басқармаларға жатады:
– құрылыс (39 968,7 млн теңге немесе 62,5%);
– энергетика және коммуналдық шаруашылық  (22 473,0 млн теңге немесе 35,2%);
– жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары (637,1 млн теңге немесе 1%).
Дебиторлық берешектің пайда болуы және оны  мезгілсіз өтеудің негізгі себебі болып:
– мемлекеттік қабылдау комиссиясының ескертпелерін жоюдың ұзақтылығы;
– мердігерлер тарапынан дебиторлық берешекті өтеу мерзімін негізсіз созуға және соған сәйкес объектілерді пайдалануға қабылдау, сондай-ақ сот ісінде қарауға алып келетін жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуді жүргізу;
– жұмыстар мен жабдықтауды сатып алуға аванс төлеу саналады.
Астана қаласы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2012 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша кредиторлық берешегі 2 491,7 млн теңгені құрайды, оның ішінде:
– республикалық бюджеттің трансферттері бойынша – 1 836,1 млн теңге;
– жергілікті бюджеттің қаражаттары бойынша – 655,6 млн теңге.
Кредиторлық берешектің негізгі бөлігі Астана қаласын дамыту бюджетіне жатады және ол 2 227,1 млн теңгені құрайды (немесе жалпы берешек сомасынан 89,4,9%). Әкімшілердің басқа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша кредиторлық берешектің үлесі 264,5 млн теңгені құрайды немесе 10,6%. Тұтастай алғанда, 2011 жылдағы кредиторлық берешек көлемі 1 338,2 млн теңгені құрады (немесе жергілікті атқарушы органның жалпы кредиторлық берешегінен 53,7 млн теңге).
Көп жағдайда кредиторлық берешектің пайда болатын себебі жұмыс комиссиясының әртүрлі ескертулерін жоюға негізделген мемлекеттік қабылдау комиссиясының болмауынан болып келеді.
Жүргізілген бақылау іс-шаралары шеңберінде, бұзушылықтардың басым бөлігі (49,3%) квазимемлекеттік сектордың ұйымының қаржылық-шаруашылық жұмысын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану тұрғысында мемлекет активтерін пайдалану барысындағы бұзушылықтарға байланысты және т.б.
Осы орайда, «Автобус паркі №1» АҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке нормаларын сақтамауы салдарынан жалпы сомасы 382,9 млн теңге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы 18,6 млн теңге сомасындағы бұзушылықтарды жіберген. Одан басқа, 2011 жылы Қоғамның жарғылық капиталы 89,2 млн теңгеге артқанына қарамастан, осы қаражаттар автобустарды сатып алу үшін алдында алынған лизинг бойынша кредиторлық берешектерді қысқартуға әсерін тигізбеді.
Қаржылық көрсеткіштерді және қаржылық ахуалды 2011 жылғы 1 қаңтардағы талдау Қоғамның тиімсіз, өтімсіз және төлеуге қабілетсіз екендігін көрсетеді (егер 2010 жылдың өзінде шығындар – 433,9 млн теңгені құраса).
Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын тексеру аясында бухгалтерлік есепті жүргізуді және есептілікті беруді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын жалпы сомасы 278,7 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Есіл-Астана» МКҚК жергілікті бюджет қаражатын пайданудағы қызметін түзеу мен бақылау болмағандықтан, жалпы сомасы 19,1 млн теңгеге бұзушылықтарға жол берілген.
Астана қаласы бойынша Салық департаментінің аумақтық бөлімшелерінде жүргізілген бақылау барысында салық заңнамасын бұзушылықтар нәтижесінде 2010-2011 жылдардағы жергілікті бюджеттің ысырабы 48,6 млн теңгені құрағаны анықталды, оның ішінде:
– жер салығы бойынша жалпы сомасы 19,1 млн теңгеде;
– мүлікке салынатын салық бойынша жалпы сомасы 25,4 млн теңгеде;
– көлік құралдарына салынатын салық бойынша жалпы сомасы 1,9 млн теңгеде;
– жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер бойынша жалпы сомасы 2,1 млн теңгеде.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің жыл сайын артып жатқанын атап өту қажет. Мысалы, 2010 жылы 77 307,1 млн теңге жоспар жанында барлығы 80 287,5 млн теңге түскен. Ал 2011 жылы 91 090,3 млн теңге жоспар жанында жергілікті бюджетке 95 688,1 млн теңге түскен.
Сонымен, 2011 жылы салықтар 2010 жылмен салыстырғанда 15 400,5 млн теңгеге түскен. Түскен салықтар қаланы дамытуда бірінші кезекте тұрған  міндеттерді шешуге бағытталған.
Сонымен қатар, бақылаумен Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жетілмегендігіне байланысты түйіткілді мәселелер қатары да анықталды.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша 21 лауазымдық тұлға тәртіптік жазаға тартылып, 3 лауазымды тұлғаға және бір заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы өз қызметін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің де, бюджет алушылардың да қаржылық тәртібін нығайту мақсатында одан әрі жалғастырады.

Астана қаласы бойынша
Тексеру комиссиясының төрағасы
Ғ.Ө. Молдаш

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − one =