ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ҚАЖЕТ

0 176

Встреча с Масимовым и Келимбетовым

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімов және Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Аталмыш басқосуда К.Мәсімов Мемлекет басшысына еліміздің бірінші жартыжылдықтағы эко­номикалық дамуының негізгі қо­рытындылары жөнінде айтып, Үкіметтің екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары туралы баяндады.

Президент өз сөзінде негізгі макроэкономикалық көр­сет­кіштердің және валюта нары­ғындағы ахуалдың тұрақ­тылығын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, әлемдік қаржы нарықтарында қалыптасып отыр­ған ахуалға орай ұдайы болатын қатерлерге талдау жүргізуге баса назар аударды.

Ал, Қ.Келімбетов басқосуда елдің қаржы секторы мен банк жүйесінің жағдайы, сондай-ақ, Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, 2014 жылдың бірінші тоқсанында ІЖӨ нақты өсімі 3,8% болды. Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қор мөл­шері шамамен 77 млрд АҚШ долларына жеткен.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономиканың даму қарқынын сақтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =