Қаржы жүйесіне жаңа шешімдер қажет

0 17

Әлемді індет жайлағалы адамдар отбасылық капитал жайында көбірек ойлана бастады, яғни қаражаттарын салатын бағыттарды іздеуде. Осы ұрымтал тұсты түрлі қаржы пирамидалары да пайдаланып қалуға тырысуда. Бір өкініштісі, сол пирамидаларға ақшасын саларда оларды әбден тексеріп алмай, еңбекпен тапқан қаражатынан айырылып қалатындар көп. Соған байланысты краундфандинг компаниясы секілді бизнестің негізін қалаған «Proportunity Management Company» инвестициялық финтех платформасының өкілдері арнайы брифингте коммерциялық қызметтегі табыстың тетіктері туралы баяндады.Аталған платформаның негізін қалаушы Арман Баевтың айтуынша, биыл Қазақстанда 1 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына кірген, соның кесірінен 33 млрд теңге көлемінде залал келтіріліп, 619 қылмыстық іс қозғалған. Олар көбіне табысын жасырын ұстайды, лицензиясы болмайды, кепілдендірмейді. Осы орайда аталған компания өкілдері жылжымайтын мүлікке қатысты жағдай жасап, әрбір адамның табыс алуын ойластырған.
-Соңғы кезде крауд қаржы секілді жақсы феномен дамып келеді. Бұл ретте адамдар қаражатты бірлесе салып, бірге инвестициялап, ортақ жоба бойыша жұмыс істейді. Баршамыз дәстүрлі банк тетіктерін білеміз, яғни банк депозиттері мен басқа да салымдар бар. Қазақстанда жылжымайтын мүлікке инвестициялау бойынша алғашқы краундфандинг тұғырнамасын құрдық. Соның негізінде адамдар 1 шаршы метрден басталатын алаңға инвестиция сала алады. Енді ауқымды коммерциялық нысандарға инвестиция салудың қажеті жоқ. Бір шаршы метр аумақты сатып алып, заңды түрде оның иесі атанып, соны жалға беруден табыс жасауға болады, – деді ол. Сонымен бірге, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мүмкіндігінің арқасында, сондай-ақ дұрыс құрылған менеджмент пен сауатты қадамдар нәтижесінде коммерциялық ғимараттардан табыстылық арта түсті.
-Мемлекет дәстүрлі қаржы ұйымдарын қолдап отыр, бірақ дағдарыстың салдарынан экономика әлсіреп, халық қиналады. Депозиттердегі және қаржы пирамидаларындағы жинақтардың жоғалуы қаржы ұйымдарының сеніміне нұқсан келтіріп отыр. Қазір қаржы жүйесінде салымшылардың, инвесторлардың ақшасын пайдаланудың ашықтығы толық қамтамасыз етілмейді. Сондықтан қолданыстағы несие-қаржы жүйесіне ең озық әлемдік тәжірибе енгізілгенге дейін дағдарыс тоқтамайды. Қаржы институттары өз позицияларын ұстап тұру және бәсекеге қабілетті болу үшін үнемі дамып, жетіліп отыруы керек, – дейді А. Баев.
Аталған брифинг елорда күні қарсаңында және Орталық Азиядағы «Astana Finance Days» ірі қаржы конференциясы барысында өткізіліп, онда қаржы құралдарын жетілдіру келешегі және қазақстандықтардың салымдарының кепілдіктері талқыланды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 3 =