Қаржы саласы Президент сынын ескеруде

0 105

«Бюджеттік жобалардың қымбаттауы тәрізді бұрыннан келе жатқан проблеманы шешкен жөн. Жобалық құн көлемінің ұлғайтылуы 2012 жылы 40 миллиард теңгеге, ал биыл 60 миллиард теңгеге жеткен. Мемлекет басшысының пікірінше, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мен қарау төңірегінде күмәнді бизнес саласы қалыптастырылған», – Ақорда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттік жобалардың қымбаттауына қатысты сын айтқаны белгілі. Президент: «Тендерде мердігерді таңдау кезеңінде төрешілдік пен ысырапшылдық басталады. Міне, құрылыс бағасы өсуінің, инфляцияның шарықтап кетуінің себебі осында», – деген еді. «Көбінесе біркелкі нысандар әртүрлі баға бойынша салынуда. Ақмола облысында 1200 орындық мектептің құны 900 орындық мектепке қарағанда 219 млн. теңгеге арзан бағаға салынған. Ақтөбе қаласында бір жылда бірдей мектептер құрылысы құнының айырмашылығы 130 млн. теңге болған, ал Атырау облысындағы бірдей емханалар құрылысына жұмсалған шығын құнының айырмашылығы 400 миллион теңгеден асқан. Бақылаушы органдар мұндайға қалай жол береді? Мен қаншама рет тек типтік мектептер мен ауруханалар салуға тапсырма бердім, – деді Мемлекет басшысы.Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алу барысында оның бағасына тиісті бақылаудың жоқ екеніне назар аударды. Президенттің осы сынына қатысты есепті бүгін қаржы министрі Болат Жәмішев ОКҚ баспасөз мәжілісі кезінде егжей-тегжей баяндап берді. «Атырау облысындағы осы емханаларға келетін болсақ – олардың біреуі жер қойнауын пайдаланушы шарт бойынша өңірді әлеуметтік дамытуға бөлуге тиісті қаржыға салынды, деді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев, журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп.

«Бұл сұрақ осы міндеттердің ақшалай эквивалентте орындалып, жергілікті бюджетке аударылуы туралы көтеріліп отыр. Себебі, мұнымен жер қойнауын пайдаланушының өзі айналысқан кезде, оған 2 емхана немесе 2 балабақша емес, жақсы біреуін салып, сонымен өз міндетінен құтылу жеңілірек болады», – деп толықтырды Жәмішев.   «Нысандардың қымбатшылығы мәселесі – осындай әлеуметтік нысандардың оңтайлы параметрлеріне бейімделу – тұрақты типтік үлгідегі жобаларға қарай отырып шешілуі тисі. Бұл осының негізінде басқа да нысандардың салынуына себеп болады. Мемлекет басшысы өте дұрыс айтып өтті, өйткені типтік жобалар да үнемі қайта қаралып отыруы керек, өйтпесе құрылыс саласына алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу мүмкін болмай қалады. Бірдей көлемдегі екі нысанның бағасында қандай технологияларды қолданғандығына қарай қатты айырмашылық болуы мүмкін, сондықтан да жобалар арзандай түсуі үшін заманауи технологияларды ескеріп отрыу қажет. Бізде жобалық-сметалық құжаттар құрылыс құнының процентіне қатысты анықталады, ЖСҚ дайындау кезендегі бағажасам мәселесін ретке келтіру үшін осы сұрақты да талқылау керек. Себебі жобалаушыларда анағұрлым арзанырақ тиімді нұсқалар ұсынуға деген экономикалық ынта болуы қажет», – деді сала басшысы.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − twelve =