Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қаржы неге игерілмей қалды?

0 229

Астана қалалық мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, сондай-ақ, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының біріккен отырысында 2017 жылға арналған қала бюджетінің орындалуы талқыланды. Тиісті мәселе бойынша Қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев баяндама жасады.

Мәслихат депутаттарында әкімдіктің тап­сырысын орындаушы акционерлік қо­ғам­дардың бөлінген қаржыны игеруі айтарлықтай мәселе туындатты. Олардың есепшоттарында игерілмеген біраз қаржы жатыр екен. Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаштың айтуынша, бұл – үлкен мәселе. «Бұл – қаланың ғана емес, тұтас республиканың проблемасы. Кезінде ақша бөлінді. Үнемдегеннен кейін қаржы есепшотта қалды. Яғни толығымен игерілмеді. Өкінішке қарай, бұл қаржыны қайтарудың механизмі жоқ. Сол себептен Қаржы министрлігіне хат жаздық. 2011 жылдан бері «ауада қалқып жүрген» ақша бар. Бұл – депозит емес, қазынашылық есепшоттарда қалған қаржы» деді ол.
«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ – 99 млн теңге, «Астана-Көгалдандыру» АҚ 546 мың теңгені игермеген. Игерілмеген қаржының жалпы сомасы 8,3 млрд теңге болса, 7,8 млрд теңге «Астана LRT» ЖШС есепшотында қалды. Мұны Әліби Жұмаев жеткізді.
Басқарма басшысының сөзінше, қаржы-экономикалық негіздемені түзету туралы ұсыныс жіберілді. Бұл ұсынысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қарап жатыр.
«Астана LRT» ЖШС өкілі болса есепшотында қалған қаржы 2016 жылы автобустарды сатып алу үшін Қытай даму банкінен алынған несиені жабуға бағытталатынын жеткізді.
Депутат Мирас Шекенов өз кезегінде квазимемлекеттік сектордың есепшоттарында қалған қаржының мәселесі шешілмейінше, аталмыш кәсіпорындардың өтініштерін қанағаттандырмау туралы айтты. Ал жалпы мәслихат депутаттары ескіріп кеткен қаржы-экономикалық негіздемелерді жойып, акционерлік қоғамдардың есепшотындағы қаржыны игеру үшін жаңа негіздемелер­ әзірлеуді ұсынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды