ҚАРЫШТЫ ҚАДАМ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

0 148

Қайсыбір ел болмасын оның әлеу­мет­тік – экономикалық деңгейі­нің өсуі ұтырлы ұйымдастырылған жұ­мыс­­тың нәтижесінде жүзеге асады. Басқаны былай қойғанда, еліміз ин­дус­­трияландыру бағдарламасын қолға алғалы екі жарым жыл өтіпті. Соның негізінде жалпы құны 1,8 трил­­­лион теңге болатын 443 жоба іс­ке қосылып, 90 мыңнан астам жа­ңа жұмыс орны ашылған. Химия саласын­­дағы өндіріс аясы үш есеге ұлғайып, тау-кен металлургия секто­рындағы өсім 49 пайызды құра­ған.

Еліміз жоспарлаған 2020 жылға дейінгі даму стратегиямыздың бі­рі­н­­­­­­ші тармағы осы индустриялан­дыру бағдарламасымен шектеседі. Бұл тақырыпқа қатысты «Қазме­диа­ор­­­­­та­­лық» теле-радио кешенін­де өт­кі­­­зіл­­ген жиын барысында Прези­дент: «Қазіргі әлемде реин­­­ду­с­трия­ланды­ру үрдісі бай­қа­­­ла­­ды. Еуропа елде­рі өзі­н­дік ин­ду­ст­рия­лық база қалыптас­тырудың маңыз­дылығын жете тү­сі­­неді. Осыларды ескерсек, бү­­гін­­гі шақта үшінші жаһандық индустриялық революцияны кім жүзеге асырса, сол жеңіске жетеді» деп атап өткен-ді.

Қазірден үнемдеудің негізгі меха­низ­мін іс жүзінде сәтті орайлас­тыр­­сақ, діттеген мақсатымызға қол жет­кіземіз. Өйткені, күн батарея­сы мен жел стансаларын іске қосудың өзектілігі алғы кезекке шы­ғып отыр. Энергия қуатын ысы­рап қылмау­дың осындай төте жолы біздің та­бы­­сы­мызды еселей түсетіні даусыз. Ал жаңашыл бастама­ларды уақыт оз­­дыр­май, кәдеге жа­ра­ту ел мүм­кін­­дігін көрсетіп қа­на қоймайды, инвес­торлардың қызығушылығын туғызып, қаражат мәсе­ле­сін реттеуге жол ашады.

Мемлекет басшысы шетелдерге жасаған ресми сапары барысын­да, сол елдің басшыларымен ынты­мақ­­тас­тық, инвестиция туралы келіс­­сөздер жүргізіп, еліміздің әлеу­­мет­тік – экономикалық ахуалы туралы хабардар етті. Соның негізінде маңызды құжаттарға қол қойылып, бастау алған жұмыс нәтиже беруде. Жаһандық деңгейді қам­­тыған дағдарыстың алдын алуды да орайластырып, Үкімет пен Ұлттық банкіге нақты тапсырмалар жүк­теді.

Президент жоғарыда аталған жиын­да орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, мемлекеттік холдингтер мен даму инстиуттарына төмендегіше жұмыс істеу қажеттігін ескертті. Бірінші: Іске қосылған жобаларды жүктеме­лермен қамтамасыз ету. Екінші: Об­лыс­­тар мен аудандар арасындағы дамудың әркелкілігін тө­­мен­­дете оты­­рып, өңірлер эконо­микасының резервтерін барынша тиімді пай­­да­­лану. Үшінші: Өңірлер эконо­ми­­ка­­сындағы шағын және орта кә­сіп­­­­кер­ліктің үлесін арттыру керек. Бүгінгі күні кез келген дамыған эко­­­­­­но­­­­­­ми­­каның негі­­зін шағын және орта бизнес құ­­рай­­ды. Бірақ біздің көп­­теген кәсіпкерлеріміз қажет ету­шілердің 2 пайызын немесе 25 мың адам ғана жұмысқа орналастырған. Төртінші: Қазақстандық үлесті едәуір арттыра отырып, отандық тауар өндірушілерді нақты қолдауды қамтамасыз ету қажет. Осындай жұмыстар сараланып, алдағы мерзім­нің жоспары байыпталды. Бұл жерде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының атқаратын рөлі ерекше. Биылғы жылдың өзінде Астана қаласы әкімдігінің үйлестіру кеңесі бірнеше жобаның тұсауын кесіп, банк тарапынан несиелеуге келісімін берді. Ол жобалардың ішінде қала тіршілігіне нәр беретін маңызды нысандар бар. Отандық өнімді нарыққа кеңінен енгізу мақсатымен жиһаз бұйымдарын өзімізден дайындауға қол жеткізілді. Асфальт төсемін сапалы технологиямен өндеу ісі жолға қойылды.

Адам денсаулығына зиян келмейтін шамдар да болашақта сауда төрінен орын алады.
Елбасы атап өткендей, индустрия­лан­дыру картасының мәр­те­­бесін жо­­ға­ры деңгейге көтеру қажет. Жасы­раты­ны жоқ, индустрия­ландыруға қа­тыс­ты жобалардың барысын кәсіп­керлер өз дәрежесінде біле бермейді.  Осыған орай «Атамекен» одағы бұл мәселені мұқият зерделеуі тиіс. Мем­­ле­кет басшысы болашағы зор идея­­лар­ды көптеп қолданысқа енгізу қажеттегін де қаперге салды. Ал әзірге іске қосылған нысандардың еліміз үшін маңызы өте зор. Ол бүкіл өңірлерде жүзеге асырылуда. Мәселен, Жамбыл облысында «Қазфосфат» компаниясы чехиялық «Fosfa» компаниясымен бірігіп, на­­т­­рий гексаметафосфатын және тамақ фосфатының өндірісін игеруді бастап кетті. Оқырмандарға түсі­нік­ті болуы үшін натрий гексаметафосфатына сипаттама бере кетейік: ол суды жұмсартушы ре­тін­де коммуналдық, тұрмыстық қызмет­терге пайдаланылады. Негізінен, бұл өңірде оннан астам химия өнімін өндіру жоспарланған. Атап өтерлік келесі жағымды жаңалық, 2014 жылға қарай импортты дәрі-дәрмекке тәуелділік елу пайызға төмендетілмек. Жылына отыз мың тонна полиэтиленді құбыр шы­ға­­ратын Степногордағы зауыт­тың да орны ерекше. Ал биыл Екі­бас­тұз МАЭС-1 стансасында 500 ме­га­­ват­тық  №8 энергоблок іске қосыл­ды. Мұнда индустрияландыру бағдарламасына орай ең озық жабдықтар орнатылған. Яғни, жаңа электр-сүзгі зиянды заттардың 99,6 пайызын ұстап қалады екен.

Павлодар облысындағы Бозшакөл кен байыту комбинаты 2014 жылы іске қосылады. Осы жобаны іске асыру үшін шамамен 1,8 миллиард доллар жұмсалады. Қырық жылға пайдалануға жоспарланған бұл кен орнында жылына орта есеппен 75 мың тонна мыс өндірілмек.  Осындай жарқын жобалар еліміздің әлеуеті мен экономикасына серпін беріп, өзге елдермен теңесетін жағдайға жеткізеді.

Жалпы, индустрияландыру ісін өр­кен­детуге негіз қалайтын жол­дардың маңызы қай кезеңде өзі­нің өміршеңдігін жойған емес. Соның бірі – Қостанайдағы асфальт жасауға арналған қондырғылар за­уы­ты.  Онда жылына 80 асфальт араластырушы қондырғы әзірленіп, тұтынушыға жіберіледі. Бұл біздің еліміз үшін орны да, жөні де бөлек жаңа өндіріс.

Тәуелсіз еліміз тарихында бұрын-соңды болмаған экономикалық өсім жаңа өндірістердің іске қосылуы арқылы жүзеге асырылып жатқаны аян. Мысалға, 2012 жылдың қаңтар-наурызында ішкі жалпы өнім 5,6 пайызға өскен. Инфляция қаңтар-маусымда 2,7 пайызды құрапты. Ал ол былтыр 5,1 пайыз болған. Мұндай оң өзгерістерді санамалап келтіруге болады. Оның бәрі жүйелі жоспармен, ілкімді қимылмен атқарылғаны  дау туғызбаса керек. Ендеше, осы істердің бастамашысы болған Елбасының есімін біз әрдайым мақтан тұтамыз.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + thirteen =