ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

0 154

2c2c0ae6ee5073a07e4258f3ad8

Тула кәсіпкерлерінің Астанаға ресми сапары аяқталды. Құрамына Тула болат прокат зауыты, «Разумный дом», «Росавтоматизация» және басқа да белгілі компаниялар енген делегация Астананың «Астана-Solar», «Таза әлем – Астана» сияқты бірқатар ірі өндірістік нысандарын аралады.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынба­сары Ғ.Тасмағанбетов тулалық делегациямен кездесудің қорытындысы бойынша Астананың ынтымақтастық ор­на­туға мүдделі және өз ке­зегінде, Тула облысына қазақстандық жобаларды ұсынуға әзір екендігін атап өтті.

«Қазір Тула компа­нияларымен танысу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, кә­сіп­керлер қызметтің кейбір түрлері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Соңғы кездері Кеден одағы шарттары күшіне еніп, шектеулердің алынып тасталуына байланысты белсенділік артты. Тула кәсіпкерлері де қаламыздың экономикасымен танысуда. Олар Астананың қарқынды дамуына қызығушылық танытып, құрылыс материалдары мен тазарту құрылыстарын ұсынды»  деді Ғ. Тасмағанбетов.

Отандық кәсіпкер­лердің ресейлік әріптес­термен кездесуі сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге және Астана мен Тула облысының арасындағы екі жақты табысты ын­тымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа мүм­кіндіктер берді.

 Жұма ҒАЗИЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − three =