Қарудың серті – қатыгездік…

0 110

Қару ұстаған қа­­зақ­­тар көбейіп кет­­­ті. Қарапайым ха­­­­лық­­тың қо­лын­­­дағы трав­ма­­­­­ти­ка­лық­ жә­­­не­­ бас­қа­ да­ қа­ру­­­лар­­­дың­ кө­­­­­­бейгеніне құ­­қық қорғау сала­­­сының мамандары да алаңдайды. Еліміздің әр ай­ма­ғында жиі орын алып жүрген жастар тө­бе­лесінің соңы бір-біріне оқ атып, қайғылы жағдаймен аяқталатыны жасырын емес. Қит етсе қару кезенетін жастарды қандай агрес­­сиялық күш тәрбиелеуде?

Астана қаласында қару-жарақ сататын он бір арнаулы дүкен бар. Өткен жылы он бес мыңға жуық адам қару иеленген. Аңшылықпен айналысатындар және өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қару алғысы келетіндердің қатары ұлғаюда.

Хайвилде «хай-вай» шығарған кім?

Өткен жылдың соңында «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде орналасқан кафеде он екі рет оқ атылды. Осы мәселеге қатысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау қызметкерлері аталмыш мекенжайда ішімдік ішкен жігіттер мен күзетшілер арасында келіспеушілік туындағанын анықтаған. Ұрыстың негізгі себебі – барға келген үш адамның ақы төлеуден бас тартуы. Өзара келіскен соң бір азамат сонда қалып, қалған екеуі есеп айырысуға ақша алып келуге кетеді. Сәлден соң олардың бірі камуфляж формасын киіп, өзімен бірге «ИЖ-58» маркасындағы аңшы мылтығын алып келген. Келген бойда әр бағытқа қарай 12 рет оқ атқан. Ал, екінші досы қолындағы пышағын көрсетіп, «кепілде» тұрған достарын босатып алып, іздерін суытқан. Екі күннен кейін департаменттің жедел тобы арнаулы мақсаттағы «Арлан» бөлімшесі қызметкерлерімен бірігіп, күдіктілерді қолға түсіреді. Ұсталған азаматтардың бірінің пәтерінен камуфляж формасы мен оқ-дәрілер табылған. Жүргізілген тергеу амалдары барысында олар Астана қаласының тұрғындары екендігі белгілі болды. Осылайша кейбір жастар қорғанысқа арналған қаруды өзінің қылмыстық әрекетіне пайдаланып, әлсіздерге әлімжеттік жасап жүр.

Тапаншадан келген қатер

Жуырда туысымыздың баласы жалындап тұрған жастық шағында осы қарудың кесірінен көз жұмды. Тізені тесіп өткен оқ «жедел жәрдем» келгенше жанын алып тынды. Мамандар тексере келе, басқаға бағытталған оқ қаңғалақтап келіп тигенін айтты. Мәселен, осындай абайсызда атылған оқ қанша адамның өміріне қауіп әкеледі?
Травматикалық қару-жарақ саудасына мемлекет тарапынан қатаң бақылау керек. Ал, жастарға ата-ананың қадағалауы жетіспейді. Сондықтан, қазіргі жастар арасында «Оса» тапаншасы мен газ-пневматикалық қару ұстау сәнге айналды. Өзінің қауіпсіздігі үшін қару ұстағандар өзгенің қауіпсіздігіне жауап бере алмайды. Бұл, сайып келгенде, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне ықпал етіп келеді. Осы ретте айтайын дегенім, бұрындары бір үйдің он шақты баласы бір әкенің айтқанынан шықпайтын. Қазір бір түйір баласына ие бола алмайтын ата-аналар жеткілікті. Себебі, қару пайдаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдердің сексен пайызы бір үйдің бетінен қақпай, еркіне жіберілген еркелері.

Қару – ойыншық емес

Психолог Лимана Қойшиеваның пайымдауынша, ойыншық қарудың өзі балаға қауіпті. «Ойыншық қару кезенген баланың бет-әлпетіндегі өзгерісті байқаңыз, бірден қатыгездік танытып, қабағын түйіп шыға келеді. Бұл – бала санасындағы соғыс ойыны. Бала көгілдір экран алдынан көрген атыс- шабысты қайталап, өмірде сол образға ене ойнайды. Міне, осылайша балаға ойыншық қару әперіп, қатыгездікке баулып отырғанымызды байқамаймыз» дейді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 2 =