Қару өткізгенге қаржы төленді

0 54

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен биыл 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсыр­ғандарға оның техникалық жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің оннан жүзге дейінгі сомасында төлем көзделеді.

photo_87501

Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізілді. Акция аясында полицияға мыңнан астам тұрғын өз еркімен мың төрт жүз атыс қаруын тапсырған.

Оның ішінде 1 бірлік шолақ автомат, 197 бірлік ұзын ұңғылы қару, 3 тапанша, 1, 2 мың бірлік тегіс ұңғылы, 19 травматикалық қару, бір килограмнан (1,15 кг) астам жарылғыш заттар, сондай-ақ шолақ ұңғылы қаруға арналған 57,5 мың оқ-дәрі қабылданды.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өту қажет. Соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар санының жартысынан астамға төмендеуі (54 пайызға, 2015 жылғы 488-ден 2020 жылы 224-ке дейін) қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін айғақтайды.

ІІМ қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша алғашқы акция 2008 жылы өткізілді, оның нәтижелері бойынша 14 мыңнан астам атыс қаруы, 120 килограмм жарылғыш заттар, 537 мың ойық қару патрондары ерікті түрде тапсырылды. Бұл шаралар 2008 жылы атыс қаруын қолданатын қылмыстар санын 19,2 пайызға қысқартуға мүмкіндік берді.

 

Баян АСЫЛБЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 8 =