Қарты бар үйдің – қазынасы бар

0 23

«Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен халықаралық қарттар күніне арналған концерт өтті.

image-22-09-21-09-09-7
image-22-09-21-09-09-2
image-22-09-21-09-09
image-22-09-21-09-09-1
image-22-09-21-09-09-4
image-22-09-21-09-09-6
image-22-09-21-09-09-8
image-22-09-21-09-09-9
previous arrow
next arrow

Қайырымдылық кештің басты қонақтары елордалық қарттар мен мүгедектер үйінің қонақтары болды. Ұйымдастырушылар көрермендер залындағы барлық эпидемиологиялық
шаралардың сақталуын қадағалады. «Халқымыз «Қарты бар үй – қазыналы» дейді. Өткізіп отырған концертіміз де қарттарға арналады. Біз мерекелік кеш арқылы еліміздегі барлық қарттарға деген құрметімізді білдірдік. Қазан айының алғашқы күні – республикамыз бойынша ерекше атап өтілетін қарттар күні. Кеште халық музыкасынан бөлек,
елімізді құраушы әрбір этнос өкілінің әндерін орындадық» деді мәдениет саласының үздігі
Нұрай Танабаев.

Сахнада Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филармония әртістері профессор Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен өнер көрсетті. Оркестрге дирижерлік еткен – Нұрлан Бекенов. Сонымен қатар, «Шалқыма» халық би ансамблінің әртістері мен «Халық әні» бөлімінің әншілері де қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + eleven =