Қарты бар үй – қазыналы

0 39

«Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен халық­аралық қарттар күніне арналған концерт өтті.

image-22-09-21-09-09-6
image-22-09-21-09-09-7
image-22-09-21-09-09-8
image-22-09-21-09-09-9
image-22-09-21-09-09
image-22-09-21-09-09-1
image-22-09-21-09-09-2
image-22-09-21-09-09-3
image-22-09-21-09-09-4
image-22-09-21-09-09-5
previous arrow
next arrow

Қайырымдылық кештің басты қонақтары елордалық қарттар мен мүгедектер үйінің қонақтары болды. Ұйымдастырушылар көрермендер залындағы барлық эпидемиологиялық шаралардың сақталуын қадағалады. «Халқымыз «Қарты бар үй – қазыналы» дейді. Өткізіп отырған концертіміз де қарттарға арналады. Біз мерекелік кеш арқылы еліміздегі барлық қарттарға деген құрметімізді білдірдік. Қазан айының алғашқы күні – республикамыз бойынша ерекше атап өтілетін қарттар күні. Кеште халық музыкасынан бөлек, елімізді құраушы әрбір этнос өкілінің әндерін орындадық» деді мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев.

Сахнада Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филармония әртістері профессор Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен өнер көрсетті. Оркестрге дирижерлік еткен – Нұрлан Бекенов. Сонымен қатар, «Шалқыма» халық би ансамблінің әртістері мен «Халық әні» бөлімінің әншілері де қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × three =