«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қарттарға – тегін курс

0 99

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары аға буын өкілдеріне арналған компьютерлік курстар өткізеді. «Күміс IT университетінің» тегін білім беру курстары үздіксіз білім беру тұжырымдамасы аясында басталды.

b8ccea2653f7af05e703401fda6e010b_1280x720

 

«Күміс университет» моделі аясында қарттарға арналған білім беру бағдарламалары бірнеше бағытта жүзеге асырылады: қарым-қатынас пен саяхатқа арналған тілдік курстар; құқық, тарих, мәдениеттану және өнертану; сауықтыру бағдарламасы; «Күміс IT университеті» компьютерлік сауаттылық курстары.

Компьютерлік сауаттылықты оқыту бағдарламасы екі айға есептелген. Сабақтар университет қабырғасында өткізіледі. Курс тыңдаушыларға мемлекеттік қызметтер порталы мен коммуникациялық жүйелерді пайдалануға, онлайн режимде банк операцияларын жасауға және таныстырылымдар жасау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Бірінші оқу сабағына 23 тыңдау­шы қатысты. «Күміс IT университеті» тыңдаушыларының бірі экс-депутат Уәлихан Қалижанов жайлы өмір сүру үшін цифрлық дағдыларды игерудің маңыздылығы туралы айтып өтсе, 69 жастағы педагогика ғылымдарының кандидаты Далабай Байғожин қарттығына қарамастан партаға отырып, жаңа білім алу және жастармен тең болу мүмкіндігі туралы жаңалықты қуана қабылдады.

Баян Асылбекова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды