©2020 Астана Ақшамы
Қарттарға – қолғабыс
Елордада «Үлкендерге қамқорлықпен» акциясы өтіп жатыр. Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «Қазақстанның жастар конгресі» ұйымы қолға алған шара «Жас сақшы» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр.
Өткен демалыс күндері Астананың белсенді жастары 92 жастағы тыл еңбеккері Раиса Жаркова мен жалғызбасты әже Фаина Ибраеваға көмек берді. Жастар әжелер үйлерінің аулаларын қардан тазартып, басқа да көмектерін көрсетті.
«Жалпы елордада мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрады. Еріктілермен бірге «Жас сақшы» жобасы аясында қарттарға көмектесу әлі де жалғаспақ. Студенттер қарт адамдар аулаларының қарын күреп, үй шаруаларына көмек көрсететін болады» дейді Қоғамдық даму істері басқармасының бас маманы Ақұлан Тастемір.