«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қарттарға қолайлы орталық

0 353

Елордада Қарттар күніне орай Байқоңыр ауданында зейнеткерлерге бос уақытын тиімді өткізуге арналған «Байқоңыр» және «Береке» атты екі әлеуметтік орталық ашылды.

Бұл екі клуб қаладағы Пушкин көшесі мен Чехов көшесінде орналасқан. Ор­талықтың ашылуына аудан басшысы Ерлан Қаналимов пен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов қатысып, жиналған зейнеткерлерді төл мерекесімен құттықтап, игі тілектерін білдірді. Орталықтың бөлмелері қажетті жиһаздармен, құрал-жабдықтармен жарақталған. «Енді осы жерге жасы егде тартқан кісілер келіп, газет-журнал оқиды. Шахмат және тағы басқа спорттық ойындар ойнайды. Тіпті жай ғана бір-бірімен танысып, шай ішіп, әңгіме-дүкен құрады. Сондықтан осы орталықты ашуға мұрындық болған азаматтарға алғысымды айтамын» деді аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Алма Алтыбаева.
Реті келгенде айтып өтейік, бұл екі клуб аудандағы зейнеткерлерге арналған алғашқы орталық емес. Бұған дейін осындай төрт орталық ашылды. Енді жыл соңына дейін тағы да екі шағын орталық ашу көзделіп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды