©2020 Астана Ақшамы
Қарттарға қамқорлық
Сарыарқа аудандық әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы бірлесіп, «Бірге бол!» отрядтарының қатысумен «100 аула» акциясы аясында жұмыстар жүргізілді.
«Негізгі мақсатымыз тұрғындарды қаланың көркеюіне және тазалануына атсалыстыра отырып, барлық тұрғындар арасында отансүйгіштікті дәріптеу және қарт адамдарға көмек көрсету»,–дейді ұйымдастырушылар.
Жоба аясында қатысушылар Астананың шет аймақтарындағы лас жерлерді қоқыстан арылтты. Сонымен қоса, мүгедек жандардың аулаларын қардан тазалап берді.
Еркежан СӘТІМБЕК