ҚАРТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

0 192

16880599_10207183124130917_1292790049_o

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында Ардагерлердің денсаулығын қорғау бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия төрағасы Әділхан Абдулиннің басшылығымен өткен жиында егде жастағы адамдардың буын-қимыл аурулары кеңінен талқыланды.

Аталмыш институт дирек­торының ғылыми жұмыс жөнін­дегі орынбасары Қуаныш Оспа­новтың айтуынша, бүгінде орта­лықта жиырмадан астам бөлім жұ­мыс істейді. Травматологиялық, ортопедиялық, антроскопиялық, оңалту және тағы басқа бөлімдерде түрлі жағдаймен келген науқастар ем-дом алуда. Сонымен қатар, жасы ұлғайған зейнеткерлерді емдеу­де медициналық соңғы жетіс­тіктер мен тірек-қимыл аппа­раттарының заманауи үлгісі қолданылады.
Іс-шара аясында дәрігерлер емделушілермен кездесіп, науқас­тардың жағдайымен танысты. Атап айтқанда, еңбек ардагері Гүлжан Бейбітова, Инфекциялық балалар ауруханасының бас дәрігері Алла Гущина, Инфек­циялық аурухананың бас дәрігері Амангелді Жексембаев және меди­цина саласындағы басқа да мамандар өз тәжірибесімен бөлісті.
Айта кетейік, Ардагерлердің рес­публикалық қоғамдық ұйымы­ның 2 млн мүшесі бар. Ұйымның ор­талық кеңесі егде жастағы аза­маттардың денсау­лығын сақтау­­ға және медициналық қызмет көр­сетуге көп көңіл бөледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 2 =